Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Даниал Ахметов журналистерді кәсіпкерлердің жұмысын бірге бақылауға шақырды
    Жаңалықтар

    Даниал Ахметов журналистерді кәсіпкерлердің жұмысын бірге бақылауға шақырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ШҚО туристік аумақтарында жұмыс істейтін кәсіпкерлер енді өз кірістерін жасырып, жалтара алмайды. Ол үшін 2019 жылдан бастап арнайы бақылау жүйесі енгізіледі. Оған себеп – Алакөл мен Бұқтырма су қоймаларындағы демалыс базаларынан түсетін салық көлемі. Мұндағы қаржы айналымы 10 миллиард теңгені құрағанымен, түсім 22 миллионнан аспай отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Салық төлемдерінің жүйесі туралы ұсыныс дайындауға арнайы жұмыс тобы кіріседі. Кәсіпкерлер палатасы да енді шетте тұрып бақылауды қойып, түсіндіру жұмыстарын бастайды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов «бизнесмендердің арын ояту мәселесінің» шешімін табу үшін журналистерді де азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

    «Бұл іске тек мені емес, журналистерді де шақыру керек. Екі демалыс аумағындағы қаржы айналымы – бір маусымда 10 миллиард теңге. Ал, біздің айбынды кәсіпкерлерімізден түсетін салық 14-22 миллион аралығында ғана. Шығыс Қазақстан бизнесінің туристік саласын дамытуға берген жауабы – осы. Инфрақұрылымды дамытуға мемлекет миллиардтаған қаражат бөледі, бірақ қайтарымы жоқ. Салық көлемі ондаған есе көп болуы тиіс. Оның бәрін жақсы білеміз. Әзірге, алдағы жылы мазаламаймыз. Бірақ 2019 жылы бәрі басқаша болады», – деді Даниал Ахметов кеңейтілген аппарат жиынында.

    Бұған қарамастан, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Келер жылы Осинов асуынан айналып өтетін жолдың құрылысы басталады. Бұл бағыт тұрғындар мен қонақтарға Бұқтырма су қоймасына жылдам, әрі қауіпсіз жетуге мүмкіндік береді. Алакөл жағалауын абаттандыру жұмыстары да жалғасады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.