Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қостанай облысының әкімі жұмысшыларға он үшінші жалақы беруді жүктеді
    Жаңалықтар

    Қостанай облысының әкімі жұмысшыларға он үшінші жалақы беруді жүктеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық отырыста кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының есебі тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Облыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тақырыбында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының жетекшісі Мұрат Шаимов баяндама жасады.

    «Бүгінгі таңда индустриалды-инновациалық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалуы өңірде оң нәтиже көрсетіп отыр. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің үстіміздегі жылғы тоғыз айындағы көлемі 286,7 млрд теңгені құрады. Жыл сайын облысымызда осы бағдарлама аясында жаңа өндіріс орындары пайдаланылуға беріледі. Соңғы жеті жыл ішінде аймақта 125 млрд теңге болатын 84 жоба жүзе асып, шамамен 5 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама бойынша жүзеге асырылған жобалар 468 млрд теңгенің өнімін өндірді. Қазіргі кезде 84 жобаның 42-сі Индустриалдық картадан шығарылды, 36-сы тұрақты түрде жұмыс істейді», — деді Шаимов.

    Оның сөзінше, Қарабалық ауданында бройлерлік ет өндіру жобасы тоқтап тұр. Қазір «Шаңырақ» компаниясымен келіссөз жүргізілуде. Әлеуетті инвестор жоғарыдағы нысанды іске қосудың картасын жасады. Жоспар бойынша 2018 жылдың төртінші тоқсанында алғашқы өнім алынбақ. Сол секілді Қостанай қаласындағы «Шемішке майын өндіруді ұйымдастыру» жобасы да тұралады.

    «Қостанай май зауытының» жобасы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жобаны әрі қарай жүзеге асыруға жоба беруші мүдделі болмаса, онда комиссия құрылып, егжей-тегжейлі тексерілгені дұрыс. Қолға алынған жұмыстар айтылған мерзімінде іске асырылуы тиіс. Мұндай қателік енді қайталанбасын»- деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

    Архимед Мұхамбетов аймақтың барлық елді мекендерінде өткізілетін іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылу қажеттігін, дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағалары қалыпты болуын баса айтты.

    «Бұған қоса, мекемелер мен кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбек жалақысы бойынша қарыздың болмауы жөн. Айтулы мерекелерге байланысты он үшінші жалақы беру жағын да қарастырыңыздар», — деді облыс әкімі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.