Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі Ж.Түймебаев арнайы насихат тобымен кездесті
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі Ж.Түймебаев арнайы насихат тобымен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиін насихаттау мақсатында келген арнайы топ мүшелерімен кездесті. Топ құрамында белгілі саясаткерлер: Ерлан Саиров, Әміржан Қосанов, Талғат Қалиев және ақын Ақберен Елгезек, блогер-журналист Руслан Желдібай бар.  Кездесу барысында жаңа әліпби жайы сөз болды.   Облыс басшысы латын әліпбиінің еліміз үшін маңыздылығына тоқталды.

    «Біздің ел 1929-1940 жылдары латын әліпбиін қолданып, бастан өткерді. Демек, біз латынға қайта ораламыз. Латын әліпбиі арқылы біз түркі халықтарына тілдік тұрғыдан жақындап, рухани жағымыздан кемелдене түсуімізге жол ашамыз. Әрине еліміз үшін тәуелсіздік, туған жер, ұлттық құндылық қасиетті ұғымдар. Міне бұл тұрғыда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік, ұлттық мәселелердің шешімі айтылды. Ендеше барлығымыз жұмыла кірісуіміз керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Кездесу аясында сөз алған белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров: «Латынға оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға» деп пікір білдірді. Басқосқандар жаңа әліпби турасында ойларын ортаға салды.

    Өкініштісі, қазір жаңа әліпбиді құптамайтындар да бар, бірі – кириллицаға үйреніп қалғандар, екіншісі – ескі әліпбиде жазылған кітаптары бар жазарман қауым. Бұдан еш қорықпауымыз қажет. Ең бастысы, саяси шешім қабылданды. Енді ары қарай оны жүзеге асыруға кіріскеніміз жөн екендігін айтты Әміржан Сағидрахманұлы.

    Бұдан бөлек, Талғат Қалиев топтың түстік өңірдегі негізгі мақсатын айта келе, еліміздегі жастарға арналған орталықтардың жұмыс істеу жүйелерінің жаңарып жатқандығын жеткізді.

    Кездесу соңында облыс басшысы арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.