Еліміздің білім мен ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті ғалым Лашқар Тәжібаевтың құрметіне Төлебиде ескерткіш ашылды. Ардагерге арналған монумент өзінің туған жері Төлеби ауданы, Қарақия ауданына бой тіктеді. Айта кетейік, Лашқар Есенқұлұлы ұлағатты ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның су шаруашылығының білгірі, Ұлы Отан соғысының ардагері. Ғалымның ардақты есімі мен терең ғылыми еңбектерін кейінгі ұрпаққа үлгі етуді мақсат еткен шара берері мол.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










