Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жеміс пен жеңіс мерекесі
    Жаңалықтар

    Жеміс пен жеңіс мерекесі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.11.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email


    Бүгін Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатпен атап өтілді. Шара аясында ауылшаруашлық өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал, ауылшаруашылық техникаларының көрмелері ұйымдастырылды. Шаруаларды айтулы күнмен құттықтаған аудан әкімі Рашид Қайыпжанов:

    17
    — Еліміздің жетістіктерінде Ордабасылықтардың да елеулі үлесі барын ерекше атап өтпекпін. Несібесін еткен еңбегінен күткен жерлестеріміз үшін биылғы жыл жемісті болды. Былтыр ауданымыздың диқандары 53 200 гектарға дәнді дақыл ексе, биыл бұл көрсеткішті 55 172 гектарға жеткізді. Жыл басынан бері 15 гектардан астам жылыжай іске қосылып, 700 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілді. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 400-ге жуық жылқы, «Сыбаға» бағдарламасымен 2 мыңға жуық асыл тұқымды ірі қара мал алынды. Аудан бойынша қазіргі таңда 59 200 тонна көкөніс, 49 822 тонна бақша өнімдері жиналған, — деп аудан жетістіктеріне тоқталды.
    Таяуда облыс көлемінде тұңғыш рет ауылшаруашылық саласының жетістіктеріне арналған «Агрофест-2017» фестивалі өтті. Бұл шарада Ордабасы ауданы озық көрсеткіштері үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың арнайы сертификатын иеленгенін де атап өткеніміз жөн.
    Мәселен, озық технологияларды өндіріске ендіру бойынша облыста Ордабасы көш бастап тұр. 

    1
    Ет өндіру мен тамшылатып суғару әдісін ендіруден ІІ орынды еншіледі. Мақта жинаудан да жүлделі орыннан көрінді.
    Салтанатты жиын барысында еңбек ардагерлері мен озаттары Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпат иеленді.
    Облыстық мәслихаттың депутаттары Әділхан Исабаев, Қайнар Абасов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Күмісбек Сатқанбаев та сөз алып, аудан тұрғындарына ізгі ниет, ақ тілегін жеткізді.
    «Алтын күз» салтанаты аламан көкпарға ұласты. Шабандоздар жүйріктерін баптап, мерекелік бәйгенің додасына қосты.

    Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.