Елбасымыз қабылдаған латын әліпбиіне көшу туралы Жарлығы елдегі ең үлкен оқиғаның бірі деп айтуға болады. Осыған орай жаңадан бой көтеріп жатқан «Шымкент сити» қалашығында «Қош келдің қазақ әліпбиі» тақырыбымен салтанатты шара өтті.
Яғни болашақта шаһарымыздағы ең көрікті орындардың біріне айналады деп күтіліп отырған аумақта бұл күні арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып өнерлі мектеп оқушылары жиналған көпшілікке ән-жырдан шашу шашты. Айта кету керек мемлекет басшысы қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Міне осыған орай қазақ тілі әліпбиінен 2025 жылға дейін латын графикасына кезең кзеңімен көшу жұмыстары қамтамасыз етілетін болады. Бұл өз кезегінде көпшілік тарапынан жан-жақты қолдау табуда.
Абай Омар