• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Б.Сапарбаев: Әкімдер өз қалтасы мен мемлекет қазынасын шатастырып алмауы керек

02.11.2017
0
Ақтөбеде ауыл әкімдерінің форумы өтті. Форумға Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарындағы 350-ден астам ауыл әкімі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елімізде ауыл әкімдерінің өз бюджеті болады. «Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері туралы» Заңына сәйкес халық саны 2 мыңнан асатын ауылдар келер жылы бірнеше салықтан түскен қаржыны жергілікті жерге жұмсайды. Ал 2020 жылдап бастап барлық ауыл әкімі бюджет қаржысының игерілуіне, мақсатты жұмсалуына жауап береді. Бұрын құжаттарды қағаз жүзінде рәсімдеген әкімдер енді компьютерге отырып, электронды форматта жұмыс істейді. Барлық ауылға техника жеткізіліп, қазір интернетке қосу жұмысы жүріп жатыр.20171102161118

«Соңғы жылдары жергілікті биліктің рөлін күшейту үшін төртінші дәрежедегі бюджетті енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл өте дұрыс шешім. Жергілікті әкімдердің өз бюджеті болуы керек. Олар өз шығынын өздері жоспарлап, қаржыны жұмсауы тиіс. Ақтөбе облысында Үкімет таспармасына сәйкес жұмыс жүріп жатыр. Өңірде барлығы 147 ауылдық округ бар. Оның 50-і келер жылдан бастап өз бюджетін басқарады. Барлық деңгейдегі әкімнің қаржылық, экономикалық сауаттылығын арттыру үшін арнайы семинар өтті. Әкімдер жұмысқа дайын»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Қазынаға түскен қаржыны басқару үшін барлық әкімге компьютер беріліп, интернетке қосылады. Бұл жұмыс Ақтөбеде түгел атқарылды. «Біріншіден, әкімдер заңды сақтауы керек. Екіншіден, өз қалтасы мен мемлекет қазынасын шатастырмауы тиіс. Сонда жұмыс жүреді»,- деді Бердібек Сапарбаев. Ауыл әкімдерінің форумы кезінде мемлекеттік сату, сатып алуды жүргізетін мамандарға сұраныстың артуы мүмкін деген болжам айтылды. Бұл алдағы уақытта қаралатын сұрақ. Себебі, ауыл халқының саны өсіп отырған кезде қызметкерлердің жүктемесі артып, сұраныс болуы мүмкін. «Жергілікті өзін өзі басқару кезінде салықтан түскен қаржыны ауыл әкімі басқарады. Жеке тұлғалардан алынатын мүлік, көлік, жер салықтарынан түскен қаржы бюджетті толықтырады. Сол қаржы ауылдың инфрақұрылымын жаңартуға, көгалдандыру жұмыстарына жұмсалады. Әкім қаржыны өз еркімен басқара алмайды. Ауыл тұрғындарын жинап, кездесу өткізіп, белсенділермен ақылдасып, ең өзекті проблемаларды шешеді»,- деді Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов.
20171102161112

Айта кетейік, ауыл әкімдерінің кейбірі өзінің тікелей міндетін білмей, салық инспекторының, өзге қызметкерлердің жұмысын атқарып кеткен жағдайлар кездескен. Сондықтан әр әкім заңды қайта оқып, ұйымдастырушылық қабілетін арттыруы керек. Елімізде Ұлттық экономика министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ ауылдарға интернет желісін тартуды жоспарлады. Жыл соңына дейін тағы 4 ауылға интернет тартылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.