• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қырғызстанға импорттық тауар ағынынан ЕАЭО елдері шығынға батып отыр — Сағынтаев

26.10.2017
0

Қазақстан Республикасы кедендік әкімшілендіру жұмыстарының жеткіліксіз екенін бұған дейін де бірнеше рет көтерген. Бұл туралы бүгін Еревандағы ЕҮАК-нің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің кедендік қызметтерінің бірлескен алқасында, Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысында және Еуразия үкіметаралық кеңесі аясында Қазақстан Республикасы нақты кедендік құнды анықтауға қатысты кедендік әкімшілендірудің жеткіліксіз екенін бірнеше рет көтерді. Нәтижесінде, ЕЭК кеңесінің тапсырмасымен 2017 жылдың 3 наурызында ЕАЭО мүше мемлекеттерге ҚХР-дан жеткізілетін тауарлардың кедендік мағлұмдалуын бақылау бойынша жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің кедендік қызметтерінің бірлескен алқасының шешімі аясында ЕАЭО кедендік аумағына кіргізілетін тауарлардың кедендік құнын бақылау тәжірибесін біркелкі ету тапсырылды», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Одан бөлек, Б. Сағынтаевтың хабарлауынша, Қырғызстанға және Қазақстанға Қытайдың дұрыс декларацияланбаған тауарларын жеткізудің жолын кесу мақсатында 2017 жылдың 5 маусымында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті мен Қырғыз Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік кедендік қызмет арасында жедел-алдын алу шараларын жүргізу бойынша бірлескен іс-әрекет жоспарына қол қойылды. Алайда, жүргізілген жұмыстардан тиісті нәтиже шықпаған, оған себеп — қырғыз тарапының жоспарланған шараларды атқармауы. Салдарынан, Қырғызстанға Қазақстаннан, Ресейден және Беларусьтен тауар импорты көлемі бойынша, кеден салықтары бойынша ЕАЭО 3 жылдағы одақтық бюджетінің шығын сомасы шамамен 828 миллион АҚШ долларын құрады.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Қырғызстанға импорттық тауар ағынынан ЕАЭО елдері шығынға батып отыр. Атап айтқанда, үш елдің ҚҚС шығынының жалпы көлемі 1 миллиард 870 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде, Қазақстан бойынша — 152 миллион, РФ — 1 632 миллион, Беларусь бойынша — 85 миллион АҚШ доллары.

Қосымша құн салығына кедендік баж бойынша, ЕАЭО елдерінің үш жылдағы шығын көлемі — 2 миллиард 687,7 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Қазақстан шығыны — 212 миллион, РФ — 2,5 миллиард және Беларусь — 123 миллион АҚШ доллары.

«Биыл 10 қазанда қазыналық әкімшілендіруді күшейту бойынша Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар кедендік-салықтық заңнамалардың бұзылғанын дәлелдеді. Бұл туралы Астанада өткен кездесуде Сапар Жұмақадырұлына (Қырғызстан Премьер-Министрі Исаков — ред.) айтқан болатынбыз. Аталған кездесу нәтижелері бойынша, вице-премьер жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды. 19 қазан күні 00:00-де жеке тұлғалардың, көлік құралдарының, тұрақты автобустардың еркін қозғалысына рұқсат берілді. Осылайша, біз шекарада жүріп жатқан жұмыстардың Қырғызстанға арнайы бағытталмағанын айтқымыз келеді. Бұл туралы бұрыннан айтып келеміз және тексеру барысында бұған дейін айтылған заң бұзушылықтарға толық көз жеткіздік», — дейді министр.

Айта кетейік, бүгін Ереванда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусь елдерінің үкімет басшыларының қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты. Онда ҚР Премьер-Министрі Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейту шараларына түсініктеме берді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.