Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің маңызы артуда.
Жыл басынан бері шілде айына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда көрсетілген қызмет пен өндірілген тауар көлемі 24,2% артты.
Сонымен қатар Қазақстанның экономикалық өсімімне қарағанда елдегі шағын кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігі анағұрлым қарқынды өсуде.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда өндірілген өнімнің физикалық көлемі 4,3% артық болды.
Айта кетейік, 2050 жылға дейін елдің жалпы ішкі өнімінің 50 пайызын шағын және орта бизнестің үлесіне жеткізу көзделген. Былтырғы жылдың статистикасы бойынша Қазақстан экономикасының 26,8%-ын шағын және орта бизнес құраған.
Дегенмен, қазіргі таңда отандық банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруға асығар емес. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта былтырғы сәйкес уақытпен салыстырғанда шағын және орта бизнеске несие беру көлемі 33,5% азайған.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыруда банктерге қарағанда шағын қаржы ұйымдары белсенді. Мәселен, алғашқы жартыжылдықта былтырғымен салыстырғанда шағын қаржы ұйымдарының бизнеске берген несиесі 72,7% артқан.
Осының нәтижесінде Қазақстан экономикасындағы шағын несие портфелі 51,2% артты.
Дереккөз: naryk.kz