• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қылмыстық істерді тергеудегі оң өзгерістер…

20.10.2017
0

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі отырысында Қазақстан Республикасының  Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов құқық қорғау саласындағы орын алатын өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды inform.kz пен baq.kz сайттары

Дәлел таппаған тергеушінің жағдайы қиындайды…

«Тергеу органдары істі бір факті бойынша қозғайды, ал кейін осы факті аясында дәлел таппаса, басқа ілік іздей бастайды. Бұл тұрғыда адам құқығына нұқсан келтіріледі. Себебі тергеу үшін ең басты мәселе — ол адамды заңсыз жауапқа тартқанына жауап бермеу. Енді нақты іс бойынша дәлел жоқ болса, іс жабылып, бұл бағытта тергеу органдарының жауапкершілігін күшейтеміз», — деді Қазақстан Республикасының  Бас прокурорының орынбасары М. Ахметжанов

Адам кінәсін мойындап тұрса, айыппұлға келіссе, «Бұйрық өндірісі» қолданылады

«Заң жобасындағы тағы бір жаңалыққа тоқталсақ, «Бұйрық өндірісі» деген жаңа институтты енгізіп жатырмыз. Жеңіл-желпі қылмыстарды қарау мерзімін азайтуды ұйғардық. Адам кінәсін мойындап тұрса, дәлелдер жеткілікті болса, айыппұлға келіссе, сондай-ақ еш дау көтермесе, ондай жағдайда «Бұйрық өндірісі» қолданылады» және «Біз прокурор мен соттың істі қарау мерзімін азайттық. Енді прокурордың тексеру уақыты 3 тәуліктен 1 күнге қысқарады, сотта істі қарау 15 күннен 3 тәулікке дейін кемиді. Сонымен қатар қылмыстық теріс қылықтарға тоқталсақ, олар құқықтық тұрғыдан қылмыстан бөлек санатқа жатады. Бұрын әкімшілік құқық бұзу санатына кіретін. Оларды қылмыстық істер сияқты тергеп-тексерудің қажеті жоқ. Ондай істерді сол жерде хаттама жасап, сотқа бірден жолдаған дұрыс. Прокурор сотқа қатысып, өз қорытындысын береді. Жеңіл қылмыстар болса, сотқа тек қана прокурор арқылы барады», — деп түсіндірді Ахметжанов.

Санкциясыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа қысқартуды ұсынылды

«Сіздерге жаңа заң жобасымен келіп отырмыз. Бұл жобаның мақсаты – қылмыстық процесті реформалау емес. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіп жатқан қылмыстық саясатының жалғасы. Оның басты концепциясы – қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру және осы қылмыстық процеске қарапайым халықтың көзімен қарау. Бұл заң жобасы 5 маңызды бағытты қамтиды» және «Бірінші бағыт – қылмыстық процесте адамның құқын қорғау деңгейін арттыру. Екінші бағыт – қылмыстық процесте жарыспалықты күшейту. Тағы бір мәселе – сотқа дейінгі сот бақылауын күшейту. Төртінші бағытымыз – тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру. Тағы бір бағыт – тергеу, прокуратура және сот өкілеттіліктерінің қайталануын болдырмау. Олардың нақты бөлу. Бұл шаралар қылмыстық процесті жаңғыртуға, оны жетілдіруге бағытталған. Жалпы мұның бәрі дамыған елдерде бар. Ұсынылып отырған заң жобасы адамның жанына бататын нақты мәселелерді шешуді көздейді», — деді Ахметжанов.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір ол 72 сағат. Оны біз 48 сағатқа қысқартуды ұсынып отырмыз. Ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағат қысқарту керек. Мұндай ұсыныс неден туып отыр дейсіздер ғой? Ең бастысы бұл — адамның құқығы. 48 сағат – ол халықаралық стандарт. Барлық дамыған елде осы мерзім көрсетілген. Біз де оған ұмтылуымыз керек», — деді Бас прокурордың орынбасары. Оның айтуынша, осы жерде адамның құқығы аяққа тапталады екен. Оларға қылмысты қинап мойындатуы және тағы басқа әрекеттер жасауы мүмкін. «Сондықтан осы саланы одан әрі жетілдіріп, мерзімді қысқартып, прокуратура қадағалауын күшейту талабы қойылып отыр», — деді ол. Алайда 72 сағат санкциясыз ұстау мерзімі терроризм және экстремизм, жаппай тәртіпсіздік, есірткі тасымалдау, балаларды зорлау, қасақана адам өлтіру секілді ауыр қылмыстар үшін өзгеріссіз қалады.

Экономикалық қылмыс жасаған азамат сотқа дейін қамауға алынбайды…

«Бизнеске қысымды азайту үшін экономикалық қылмыстар бойынша сотқа дейін қамауға алмайтын боламыз. Өйткені, мұндай қылмыстар адамның өміріне қауіпті емес. Әрине, рейдерлік, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржы пирамидалары және ұйымдасқан қылмыстық топтар оған кірмейді»,«Енді қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар, хабарлар мен рапорттар тіркелмейді. Қандай жағдайда? Бірінші, егер өкілетті органнан тексеру актісімен ревизия немесе аудитпен залал не елеулі зиян келгені және заңсыз кіріс болғаны расталмаса. Онда да қылмыс белгілері болуы керек. Екінші, жазбаша жасалған азаматтық құқықтық мәміленің орындалмауы құқық бұзушылыққа әкелмесе. Ол жағдайда да мәміленің жалған екенін дәлелдейтін сот шешімі болуы шарт. Осындай талаптарды кодекске енгізуді ұсынып отырмыз» және «Тағы бір маңызды мәселені атап өтейін. Қазіргі таңда тергеуші меншік иесінің мүлкін пайдалану құқығын 10 күнге шектей алады. Ол туралы бизнесмен білмеуі мүмкін. Енді тергеуші бұл туралы меншік иесіне 24 сағат ішінде хабарлауға міндетті. Ал 10 күннен кейін ол шектеуді алуға міндетті немесе мүлікке арест қою үшін сотқа баруы тиіс. Өкінішке қарай, қазіргі таңда ондай шектеу жоқ. Кейде мүлік ешқандай сот шешімінсіз айлап аресте тұрады», — деді ҚР Бас прокурорының орынбасары.

Енді істі жасыруға, жалған құжат жасауға жол берілмейді…

«Заң жобасына цифрландыруды енгіздік. Енді істерді электронды түрде жүргізуге болады. Бұл не үшін қажет? Цифрлы формат, ең алдымен, адамның құқығын қорғауды нығайтады. Өйткені барлық процесс алақандағыдай көрініп тұрады. Бастысы – сот пен прокурордың бақылауы артады. Енді істі жасыру, жалған құжат жасау деген болмайды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын теріс пайдалану фактілері де азаяды. Бұл – цифрландырудың ең басты мақсаты» және «Электронды іс жүргізуге көшкен кезде біраз ұйымдастыру шаралары жойылады. Бір жапырақ қағаз алуға қазіргі тәртіпке сай үш тәулік кетеді, ал енді соның барлығын бір сағатта ұйымдастыруға болады. Бұл тергеушінің уақытын үнемдейді әрі аса ауыр қылмыстарға көбірек назар аударуға мүмкіндік беріледі» және  «ІТ-жүйені прокуратурада жасадық. Бюджеттен ешқандай қаржы талап еткен жоқпыз. Бұл бағыттағы шаралар барлық қылмыстық процесті толық қамтиды, яғни қылмыстық тіркеуден бастап, сотқа дейінгі тергеуді және жазаның орындалу үдерісін ескереді», — деді Марат Ахметжанов.

Жоғарыдағы мәліметтер «Айғақ» газетінің №42, 18 қазан 2017 жылы жариялады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.