• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қасиетті Қазақстан» автокеруені тарихы терең Бөкей Ордасы ауданында

15.10.2017
0

Бүгін «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында «Айғақ» телеранасының ұйымдастырған автокеруені кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке — Бөкей ордасы ауданында. ХІХ ғасырдың мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.

img-20171015-wa0012

Бүгінде аудан құрамында 7 ауылдық округы бар. Облыс орталығы Орал қаласынан 550 шақырым қашықтықта орналасқан ауданның негізгі бөлігін Нарын құмы алып жатыр.

 img-20171015-wa0011-1

«Қасиетті Қазақстан» жобасының басты бағыттарының бірі еліміздің тарихи мекендерін, архитектуралық ескерткіштерін түсіру болса, топ мүшелері еліміздің батыс бөлігіндегі маңызды тарихи орындардың бірі Бөкей ордасы тарихи-музей кешенін аралады.

Хан Ордасы ауылында, Хан жәңгір көшесінде «Бөкей Ордасы» тарихи-музейлік кешені орналасқан. Бұл жер Қазақстанның даму тарихында ерекше рөл ойнады, яғни, 1801 жылы Бөкей сұлтан Бөкей ордасын құрған. Александр І патшаның арнайы Жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі қазақ Ордасының ханы болып тағайындалады. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болған соң тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан хан тағына уақытша сұлтан Шығайдың ұлы Нұралы отырады. Қазақстандағы тұңғыш Қазынашылық үйі де осы жерде ашылды. Мұның барлығы қазақ даласында маңызды реформалар болды.

1823 жылы Жәңгір Бөкейұлы ақ киізге көтеріліп, хан сайланды. 22 жыл билік еткен уақыт бойы Жәңгір хан осы жерде отырықшы өмір салтын қалыптастырып, қазақ тарихында алғаш қазақ-орыс мектебін, дәрігерлік пунктін ашты.

img-20171015-wa0013

Ертеректе «Орда тарихи-революциялық музейі» деп аталған мұражайды 1962 жылы азамат соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Ахметфайыз Тажетдинов қоғамдық негізде ұйымдастырып негізін қалаған екен. 2002 жылы «Бөкей ордасы аудандық тарихи-мұражай кешені» МКҚК болып құрылған мұражай аясы кеңейе түсіп, «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес тарихи үйлер қалпына келтіріліп, жаңа орындар қосылды. Бүгінде Хан ордасындағы ғимараттарды барлығын қайта жаңғыртуда. Кешен құрамына Бөкей орданың тарих мұражайы, Тәуелсіздік мұражайы, Хан сарайының қарулық палатасы, үш кесенеден тұратын естелік пантеоны тағы басқа ғимараттар енген.

 img-20171015-wa0010-1

 

Қазақ тарихының беттерінде өзіндік орны бар Бөкей Ордасы ХХ ғасырдың бас кезінде көптеген өзгерісті басынан өткерді. 1925  жылы Бөкей губерниясы таратылып, Орал губерниясының құрамына енгізілді. 1928 жылы Бөкей уезінің аты Орал облысының Орда ауданы болып өзгертілді. Осы уақыттар бастап Бөкей ордасы атауы жойылған болатын. Дегенмен ел тәуелсіздігі ордалықтар үшін екі қуаныш алып келді. Оның бірі – Тәуелсіздіктің 10 жылдығы болса, екіншісі – Орданың 200 жылдығына орай Бөкей Ордасы атауы қайтарылып берілді. «Бөкей Ордасы тарихи музей кешенінің» директоры Махимов Ғайса Темірболатұлы мұражай жәдігерлері туралы мағлұматтармен кеңінен таныстырды.

img-20171015-wa0009

Қасиетті мекеннен талантты ұлы тұлғалар көптеп шыққан. Атап айтқанда, тарихы терең мекеннен күй атасы Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша сынды тұлғалар қасиетті домбыраның құлағында ойнаған.

img-20171014-wa0013

Түс ауа «Қасиетті Қазақстан» автокеруені Атырау облысына қарай жолға шығады. Ал шежіресі бай «Бөкей Ордасы» тарихи-музей туралы толық мағлұматты «Айғақ» телеарнасының Батыс Қазақстан облысында арнайы дайындалған «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасынан көре аласыздар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

Айғақ медиа
24.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...

АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП

АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкент қаласы аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Тиісті ережелерді сақтамау өрттің шығуына, адамдардың жарақат алуына және тұрғындардың тыныштығының...

120 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

120 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты рейдтер күшейтілді. Жыл басынан бері қалада ережені өрескел бұзған 9 кортеж...

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫН: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫН: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

Айғақ медиа
23.09.2026
0

ның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғындарды баспанамен қамту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту...

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ – СПОРТТА ДА КӨШ БАСТАДЫ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ – СПОРТТА ДА КӨШ БАСТАДЫ

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкент қаласының медицина қызметкерлері кәсіби саладағы жетістіктерімен қатар, спорттағы шеберлігін де танытып, республикалық деңгейдегі додада топ жарды. Қостанай қаласында медицина...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Игі бастамаға қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдармен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.