«Ұлы дала жолы» экспедициясы — Аралда. Бүгінгі таңда Арал қаласының 58 елді-мекені, 14 ауылдық округі бар. Аудан орталығында 70 мыңнан аса адам тұрады. Аталмыш аймақ Қазақстанның інжу-маржаны саналатын «Арал теңізімен» әлемге әйгілі.
Елбасының бастамасымен жүзеге аскан ғасыр жобасы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автобанына арналған телеарнамыздың экспедициясы құрамына Сыр еліндегі «Қорқыт ата» мемориалды музейінің ғылыми қызметкері Мағауия Алибеков қосылды.
«Ұлы дала жолы» экспедициясы енди 658 шақырымды жүріп өткен соң, Ақтөбеге табан тірейді.