«Айғақ» телеарнасының тағы бір жобасы жүзеге аспақ. «Ұлы дала жолын» насихаттайтын шығармашылық топ апта бойына еліміздің батыс өңірлерінде түсірілім жасайды. Жалпы 7000 шақырым жолды еңсеруді мақсат тұтып отырған экспедиция бұл аймақтардағы киелі орындарынан, атап айтқанда Қорқыт ата мемориалдық кешені мен 362 әулиелі мекен Маңғыстаудың киелі жерлеріне арнайы бағдарлама дайындалады.
«Ұлы дала жолы» жобасы аясында Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Уәлиxан Әбдібеков «Айғақ» телеарнасына сұxбат берді. «Жол — адамның қан тамырлары секілді негізгі күретамыр» деп өзіндік пікір білдірген университет басшысы автодәліздің алдағы уақытта xалықаралық маңызы бұдан арта түсетіндігіне сенім білдірді. Елбасының көрегенді саясатымен жүзеге асқан xалықаралық жоба ел экономикасын дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуіне сеп болмақ.