Мемлекет басшысы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы» өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын  дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –Комиссия) құрылсын.

2. Мыналар:

1)  «ЕЛ ЖҮРЕГІ — АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;

2) Комиссия туралы ереже;

3) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:

1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;

2)  Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», — делінген құжат мәтінінде.


Дереккөз: primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...