Оңтүстікте 29 қыркүйекте алғашқы қар түсті. Яғни, облыстың таулы аймақтарында 1 см жуық ақ ұлпа жердің бетін жауып, ызғарлы суық өзге аймақтарға да әсер етті.
Осыған дейін,тұрғындардың мобильдік телефондарына Төтенше жағдалар қызметінен СМС хабарлама келіп түскен болатын. Сондай-ақ, «28 қыркүйекте күндіз, 29 қыркүйекте түнде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ауысады). 28-29 қыркүйекте тәулік бойы кей жерлерде солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі сақталады. 29-30 қыркүйекте түнде ауа температурасы кей жерлерде 3 градус аязға төмендуі күтіледі» деп Қазгидрометтің мәлімдемесі сайтта да жарияланған болатын.