Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барып, ел Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Басқосуда Сенат спикері екі ел әріптестігінің Орталық Азия өңірінде тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Тоқаев қос мемлекеттің барлық саладағы ынтымақтастығы нығайғанын айтып, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының ықпал еткенін тілге тиек етті. Сонымен қатар спикер елімізде «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асу барысын баяндады. Кейін Тоқаев Өзбекстан Парламенті палаталарының басшыларымен бас қосып, Арал теңізін бірлесіп пайдалану жайлы сөз қозғады. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту жайлы келісім жасасты.
Дереккөз: 24.kz