Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мектептің атауы өзгеру туралы мәселелер облыстық ономастика комиссиясында қаралды. Атап айтқанда, Арыс қаласындағы «МТФ» атындағы шағын жинақты бастауыш мектебінің атауын – «Ынтымақ» шағын жинақты бастауыш мектебі деп және «Лесхоз» атындағы шағын жинақты бастауыш мектебіне «Бірлік» атауын беру туралы мәселелер қаралып, комиссия тарапынан қолдау тапты.
Бәйдібек ауданындағы «Комсомол» жалпы орта мектебінің атауы, «Қаратау» атауын өзгерту туралы ұсынысы комиссия мүшесі қолдады. Сондай-ақ, мәжіліс барысында Отырар ауданындағы «Ақкөл» шағын жинақты негізгі орта мектепті бұдан былай білім саласына еңбегі сіңген Жұмагелді Егембердиевтың атын беру ұсыныстары да қолдау тапты.
Жалпы бүгінде азаматтардың есімін беру бойынша елімізде мораторий жарияланған. Дегенмен, ерекше еңбек сіңірген, халқы үшін аянбай қызмет көрсеткен тұлғаларымыз үшін, президенттік әкімшіліктің келісімімен есімін беруге болатынын айта кеткен жөн.