Жаппай қырып-жою қаруларын қолдану, халықаралық терроризм, әскери қақтығыстардың көбеюі, климаттың өзгеруі және ғылыми прогрестің кері салдарлары адамзат болашағына қауіп тудырып отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлағандай, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді.
«Ядролық қаруды қолдану ақылға қонбайды. Тіпті оны қолдану қаупінің өзіне себеп болу керек. Мен ҚХДР мен БҰҰ кіретін елдерді толықтай Қауіпсіздік кеңесінің қарарын орындауға шақырамын», — деді БҰҰ бас ассамблеясының 72-ші сессиясында ядролық қарудың адамзат үшін төніп тұрған қауіптердің ең қауіптісі екенін атап өткен А.Гутерриш.
Қауіптер тізімінің екіншісі А.Гутерриштің айтуынша, әлемдік терроризм. Ол 2018 жылы алғаш рет дүниежүзілік ұйым атынан «жаңа халықаралық контртеррористік әріптестікке арналған негіз» аясында экстремистерге қарсы іс-қимыл жүргізуге мамандандырылған ведомство басшыларымен кездесу өткізуді жоспарлап жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол «радикалданудың түпкі себептерін іздестіруге, соның ішінде нақты және болар-болмас әділетсіздіктерге, жұмыссыздық деңгейінің артуына, жастар арасында көңіл толмаушылыққа» көңіл аудару керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, А.Гутерриш түрлі қарулы қақтығыстардың артып бара жатқанына да көңіл аударды.
БҰҰ бас хатшысы сондай-ақ, климаттың өзгеру мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, «әлемдік теңіз деңгейінің көтерілуі мен басқа да климат тұрақсыздығының құбылыстары миллиондаған адамдар мен құны триллиондаған доллар тұратын мүлікке қауіп төндіруде. Бұған байланысты бас хатшы әлемдік қауымдастықты климат жөніндегі Париж ережесін белсенді түрде орындауға шақырды.
Адамзатқа төніп тұрған қауіптің тағы бірі А.Гутерриштің пікірінше, «қоғам негізін бүлдіретін теңсіздіктің өсуі». Бас хатшы атап өткендей, жағдайды 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы күн тәртібін жүзеге асыру мүмкіндік береді.
Ол сондай-ақ, «инновацияның қараңғы жағы» төндіріп тұрған қауіпке де тоқталды. Ол түсіндіріп өткендей, «ғылыми прогрестің біз білмейтін салдары» егер тиісті түрде жауапкершілік болмайтын болса, қаншалықты ауыр болары белгісіз екенін айтты.
Сондай-ақ, БҰҰ бас хатшысы босқындардың көбеюі мен оларды бірқатар елдердің қабылдағысы келмейтіні де жағдайды қиындатып отырғанын айтты.
Сөзінің соңында А.Гутерриш әлемдік қауымдастықты бірлікке шақырып, мемлекеттер бір-бірін хабардар ете отырып қана БҰҰ жарғысының орындалуын қамтамасыз ете алатынын атап өтті.
ҚазТАГ
Фото: islam.kz