• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекетіміздің тұрақтылығы ел дамуының негізгі факторы — Нұрсұлтан Назарбаев

19.09.2017
0

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы сапары барысында өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті. Оған еңбек сіңірген ардагерлер, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, білім және ғылым саласының қызметкерлері, өнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысшылары, студент жастар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Қазақстан Президенті өңірдің химия өнеркәсібін дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін айтып, индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды.

– Химия саласы облыстың бүкіл өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын құрайды. Индустрияландыру бағдарламасы арқылы өңірде 53 жоба іске асырылды. Осы мақсатпен 158 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, 7 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы салынды. Қаратау мен Жаңатас қалаларына едәуір қолдау көрсетілді. Жалпы, жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы өңірдің аграрлық секторын дамыту перспективалары жөнінде де айтты.

– Ауыл шаруашылығында 34 жоба іске асырылды. Оның жалпы құны 8 миллиард теңгені құрайды. Тек соңғы 3 жылда облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген мемлекеттік субсидия 35 миллиард теңгеден асты, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің тұрақтылығы ел дамуының негізгі факторы болып саналатынын айтты.

– Мұның бәрі – барша қазақстандықтар бірлігінің, келісімі мен достығының, қоғамдағы тұрақтылықтың нәтижесі. Біздің бітімгер мемлекет атанғанымыз бекер емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы шешімін таппай тұрған бірқатар мәселелерге тоқталды.

– Өңірдің әлеуметтік даму көрсеткіштері төмен. Жалпы, облыстың өнеркәсіптік әлеуеті де толықтай ашылмай отыр. «Жібек жолы» экономикалық белдеуін дамыту барысында 5 жобаны іске асыру көзделген. Бірақ бүгінгі күнге дейін бір де бір жоба іске қосылмаған, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта заманауи химия кластерін құру жөніндегі жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен бірге көптеген жобалар толық қуатымен жұмыс істеп жатқан жоқ. Газбен қамтамасыз ету, автомобиль және темір жолдарын салу сияқты инфрақұрылым мәселелері шешілмеген.

– Ал, Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы жобаларды және «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағын іске қосу арқылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемін едәуір арттыруға болатын еді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың назарын облыс тұрғындарын өнімді жұмыспен қамту мәселесінің шешілмей отырғанына аударды.

–  Өзін-өзі жұмыспен қамту өзекті мәселеге айналды. Бүгінде экономикалық тұрғыдан белсенді 523 мың адамның 44,6 пайызы – өзін-өзі қамтығандар. Бұл – республика бойынша ең төмен көрсеткіш. Өзін-өзі қамтығандарға келсек, олар барлық елдерде бар. Мәселе бұл адамдардың, біріншіден – өнімді жұмыспен қамтылуында, екіншіден – ашық, заңды түрде жұмыс істеуінде, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнеске арналған инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз екенін айтты.

– Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған халықтың небәрі 24 пайызы жұмыс істейді. Бизнеспен айналысу жағдайларын жақсарту үшін  нақты шаралар қабылдау қажет. Болашақ ірі кәсіпорындардың емес, шағын және орта бизнестің қолында. Нарықтың сын-тегеуріндерін бірден байқап, жедел қайта мамандануға бейім тұратыны да осы шағын және орта бизнес, – деді Мемлекет  басшысы.

Қазақстан Президенті аграрлық саланың әлеуеті жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмай отырғанын атап өтті.

– Аграрлық сектор экономиканың және шикізаттық емес экспортты өсіру драйвері болуға тиіс екенін айтқанмын. Облыста бұл саладағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші төменгілердің бірі болып отыр. Ал, осындай көрсеткіш Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында едәуір жоғары. Облыста жер учаскелерінің көп бөлігі тиімді пайдаланылмай келеді. Оларды отбасылық ферма ретінде пайдалану үшін тиісті жұмыстар жүргізу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Содан соң Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ауқымды бағдарламаны сапалы іске асыру қажеттігіне тоқталып, оның Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушылардың барлығына жақсылық, бақ-береке мен сәттілік тіледі.

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.