• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапатталды

18.09.2017
0

Елбасы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барды. Нұрсұлтан Назарбаевты бауырлас елдің билік басшысы Шавкат Мирзиёев бар сән-салтанатымен қарсы алды. Қонақ күту жағынан қазақтан қалыспайтын өзбек ағайын мәртебелі мейман Нұрсұлтан Назарбаевтың қадамына құт тіледі. Елбасы келместен бір күн бұрын көшелерін жайқалтып, қазақ пен өзбектің туын қатар іліп, қазақ басшысына деген жылы сөздерін жарқыратып жазды. Міне осы көңіл көп істің ілгері басатынын айқындай түскендей. Президент сапары расымен нәтижелі болды. Елбасы бірнеше нысанды аралады, маңызды келісімге қол қойды.

Ташкент қаласының қақ ортасынан орын тепкен Тәуелсіздік және ізгілік монументі. Бұл ескерткіш көрші елдің болашаққа ұмтылысы мен бейбітсүйгіштігін көрсетсе керек. Өйткені тұғырдың бигінде орналасқан үлкен глобусқа Өзбекстан картасы бейнеленсе, төменгі жағында бала ұстаған бақытты ана бар. Елбасы әуелі осы орынға аялдады, гүл қойды.

Адамның басшысы –ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, осылардың ішіндегі ең тәттісі – сыйластық. Үш жүздің төбе биі – Төле бидің нақылы бұл. Ата жолын жалғап, достық пен сыйластықты алдыңғы қатарға қойған Елбасы қазақтың бас биі болған бабамыздың басына барып, құран бағыштады.

Төле би мазары – Ташкент қаласындағы ең көне орындардың бірі. Осы киелі мекен қос елге ортақ. Өйткені бүтін елдің бас биі сол уақытта халықтарды бірлікке ұйыстырған.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Біздің халық, ата-бабамыз бұрыннан аруақты құрметтен. Осы жерде өздеріңізге белгілі қазақтың төбе биі саналған Төле би жерленген. 1776 жылы 93 жасында қайтыс болып, елге билік айтқан, елді аузына қаратқан, осы өңірдің елдерінің басын біріктіріп, Жоңғар шапқыншылығына қарсы қойғандардың бірі. Тәуке ханның «Жеті жарғысын» құрастырғандардың бірі. Төле бидің «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген сөзі бар. «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны, атаға бөлінгендердің болашағы болмайды» деген де сөздері бар. «Егерде хан нашарласа, халқын сатады, халық нашарласа, хандыққа таласады» деген сөздері әлі күнге дейін келе жатыр. Сондықтан мен Төле би ортақ болғаннан соң, өзбек халқының бұл құрметіне ризашылығымды білдіремін. Төле би өлгенде, Қаз дауысты Қазбек «әділеттілік өлді» деп айтқан екен. Осында келгеніме ризамын, Шавкат Мирзиёевке рахмет.

Елбасының Төле бидің мазарына барып, құран бағыштауын Шавкат Мирзиёев жоғары бағалады. Себебі бірлікті көздеген бас бидің әр сөзі бүгінгі бізге ашық жолды нұсқайды. Сондықтан ол, сол уақыттан бері жалғасқан екі елдің достығы мәңгі ажырамауы керек деп сөзін түйді.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

– Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы орынға келіп тәу етуі, көрегендікті білдірсе керек. Екі халықты достыққа шақырған Төле бидің нақылдары бізге үлгі болуы қажет. Сол уақытта бірлікке басталған сара жолды бүгін біз жалғауымыз шарт.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары шеңберінде қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп жатыр. Мұнда отандық 70-ке жуық компания өзбекстандық іскер топ өкілдеріне қазақстандық өнімдерді көрсетті. Нақтырақ айтсақ, құрылыс, көлік құрастыру, медицина, білім, жеңіл өнеркәсіп саласындағы жетістіктер жан-жақты таныстырылды. Біздің сан-саладағы озық үлгілі өнімдерді олар қуанышпен қабыл алатынын байқатты. Өзбек бизнесмендерінің осы ынтасынан-ақ, мамандар әріптестіктің аяқ-алысын анықтады. Шамамен 800 миллион доллардың келісімі бекімек.

Осыдан бір жыл бұрын Ислам Кәрімов жұмыс орнынан халқының күйін көрсе, бүгінде тұғырдан бақылап тұрғандай. Биыл өзбек халқы бірінші Президентінің құрметіне ескерткіш қойды. Үзеңгі дос өмірден өтсе де, оны Елбасы естен шығарған емес. Соның айқын дәлелі міне, Президент бұрынғы әріптесінің ескерткішіне гүл қойды.

Мәдени, рухани және бизнес саласындағы байланысты байыптаған Президент одан кейін ресми кездесуге келді. Көксарай резиденциясына бірінші болып біздің Елбасы кірді. Мемлекеттік сапардың жоралғысына сай құрмет көрсетілді, әнұран ойналды.

Өзбекстанмен стратегиялық серіктеспіз, алыс-берісі бар бауыр әріптеспіз. Қос елді істен бөлек, тамырлық жағынан туысқан екені баршаға аян. Сондықтан Президент ширек ғасырдан бері бұл елмен байланысты барынша жақындастырды. Президент әлі де қарым-қатынас көкжиегін кеңейтеміз деп сөзін нақтылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Біріншіден, шақырғаныңызға үлкен рақметімді айтамын. Екі елдің арасы жақын болуына көп шаруа жасап жатырсыз. Біз ешқайда кетпейміз, себебі көршіміз. Құдай екі елді бірге осы жерге қондырды. Бабаларымыз да бірге болды, біз де біргеміз, балаларымыз да бірге болады. Екі елдің достығы, туысқандығы, бірге болуы мен үшін өте қымбат. 25 жыл бойы мен осы үшін жұмыс істеп келе жатырмын.

Осы жылдың ішінде екі Президент 5 рет кездескен. 4 рет Шавкат Миризёев Қазақстанға ат ізін салған. Қордаланған мәселелердің түйінін тарқатумен қатар, ол Астананың көркіне қызыққан. Өз сөзінде бас қаланың бүгінгі көркі елдің келбетін айшықтай түсетінін айтты.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

– Биыл қос ел үшін тарихи жыл деп айтуға толық негіз бар. Өйткені біз 5 рет кездесіп, байланысты биік деңгейге шығаруға күш салдық. Астанаға сапарларым жемісті болды. Қонақ болған кезде ЕХРО көрмесін көрдім және Ислам ынтымақтастығы ұйымы жиынына қатыстым. Өте жоғары деңгейде өткен шаралар сіздің еліңіздің әлемдік сахнадағы абыройын асқақтатты деп айта аламын.

Кеңейтілген құрамдағы кездесуде Өзбек басшысы Елбасыға алғыс айтты. Нақтырақ айтсақ, өңіралық байланыстың ширауына үлес қосқаны үшін. Сонымен бірге екі ел арасындағы қатыныстың тамырына қан жүгіргені де біздің Президенттің еңбегі деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Благодаря тому, что Вы за год работы проделали гигантскую работу, и особенно историческую работу приняли по валютному регулированию и по открытию границ, по созданию условий для бизнеса, и всё пошло само по себе. Всё должно быть на взаимовыгодных условиях. Мы не должны импортировать товары левой рукой правое ухо чесать, через океан, когда всё рядом есть. Чего у нас нет – есть в Узбекистане, чего не хватает в Узбекистане – есть у нас. Даже только это посчитать, выгода будет большая. Все мы выиграем за счет короткого плеча перевозок. И качество, и всё другое.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

– Өңіралық байланысты нығайтқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Қазір шекаралас аймақтар бір-біріне еркін қатынап, алғысын жаудырып жатыр. Сонымен бірге Алматы-Ташкент бағытында ашылған теміржол қатынасы біздің байланыстың бекемдігін көрсетті. Шавкат Мирзиёев билік басына келгелі Қазақстанмен әріптестік әрлене түсті. Бекеттер ашылып, екі елдің арасында автобустар қатынап, кедендегі акциздік төлем алынып тасталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Прошло всего полгода с момента визита Президента Узбекистана к нам, мы уже видим конкретные результаты исполнения наших договоренностей. Два раза в неделю между Алматы и Ташкентом курсирует скоростной поезд «Тулпар Тальго», этого не было. То есть расстояние стало ближе в два раза. Наши национальные авиаперевозчики запустили дополнительные рейсы между столицами. Дальше можно развивать между другими городами. Налаживается и регулярное автобусное сообщение между нашими городами, и этого никогда не было. Благодаря этому общение, переезд граждан из Узбекистана к нам и наоборот увеличился на 50% за полгода.

Соңғы 8 айда екі елдің тауар айналымы 1,3 миллиард долларға жеткен. Бұл әрине бұрын соңды болмаған көрсеткіш.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

– Біз Қазақстанмен сенімді серіктеспіз, соңғы 8 айдағы тауар айналымы 35 пайызға өсіп, 1,3 миллиард долларға жетті. Бұл біз көздеген меже емес, алдағы уақытта алыс-беріс көлемін 5 миллиардқа жеткіземіз деген мақсатымыз бар.

Екі мемлекет бұрыннан бері қол жеткізе алмай келген келісімге келді. Ол – әскери техникалық байланыс, және контрабандамен күресті күшейту. Онымен бірге қос Президент екі елді жалғайтын жолдарды жандандыру жұмысын жалғау бойынша уағдаласты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Мы поручили правительствам проработать новые газовые проекты с учетом интересов обеих сторон. И надо сказать о том, что в нефтяной отрасли, Узбекистан заинтересован в поставках сырой нефти на нефтеперерабатывающие заводы. Мы вместе с Россией прорабатываем эти вопросы и будем постепенно совместно их решать. Мы заканчиваем реконструкцию трех НПЗ, появляется возможность поставлять готовые нефтепродукты в объеме до 1 млн тонн Узбекистану.

Кездесу соңы да тарихи шешіммен аяқталды. Тараптар 10 келісімге қол қойды. Бұл құжаттар негізінде енді екі елдегі сан сала қарқынмен дами түсері сөзсіз. Сөз соңында Шавкат Мирзиёев Елбасыға тосынсый жасады. Президенттің кітабын өзбек тілінде аударып, сол кітап Президенттік академияда тұрақты оқытылатынын жеткізді. Онымен бірге Президентке Өзбекстандағы ең жоғары марапат – «Ел-жұрт құрмет» орденімен марапаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Огромный сюрприз. Это аванс на будущее. Өзбек халқы қуанса, біз қазақ халқы қуанамыз. Өзбек халқында Құдай сақтасын, қиыншылық болса, біз әруақытта біргеміз. Сіздердің жандарыңыздан шығатын боламыз. Біз солай болу керекпіз. Солай болсақ қана, тәуелсіздігімізді сақтап қаламыз, ел боламыз, жұрт боламыз, аман боламыз. Бүгін жиналған көп мәселені шештік. Алдымызға мақсаттар қойдық. Соған жетуге бізге Алла жазсын.

Өзбек ағайындары бізге алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық екенін бүгін байқатты. Қонақжайлығымен қатар, Қазақстанға әрдайым ашық екенін нақты жариялады. Енді екі елдің ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы жанданады. Тек іскерлік емес, мәдини-гуманитарлық байланыс нығаяды. Дәлірек айтсақ, ендігі жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы жарияланады. Демек, діні-бір, ділі-ортақ қос елдің тарихтағы жаңа тарауы басталды деп айтуға толық негіз бар.

 

Дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.