• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары қазан айына дейін аяқталады

15.09.2017
0

Синоптиктердің болжауынша, Шымкент қаласында биылғы күз айлары ылғалды болмақ және жауын-шашын мөлшерінің артуына қарамастан, жылы ауа райы сақталмақ. Дегенмен, «жаз шанасын түгендеген» қалалықтар алдағы жылу маусымына айтарлықтай  алаңдаушылық білдіруде. Себебі, қаланың бірқатар шағынаудандарында негізгі және ішкі орамдағы жылу жүйелерін ауыстыру, жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.

Осы орайда, салаға жауапты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жылу маусымына дайындық жұмыстары белгіленген кесте аясында жүргізіліп жатқанын айтады. Яғни, бүгінде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 1811 көпқабатты тұрғын үйдің 1307-сі жылу маусымына толығымен дайын.

Қаладағы орталықтандырылған жүйеге қосылған 1811 көпқабатты тұрғын үйге 13 сервистік компания қызмет көрсетеді. Күні бүгінге дейін 1130 тұрғын үймен келісім шарт жасалған. Бұл көрсеткіш қаладағы жалпы тұрғын үй қорының 62 пайызын құрайды. Ендігі жерде аталмыш көпқабатты ғимараттарда қызмет сапасы бойынша ешбір қиындық туындамауы тиіс.

– Жалпы алғанда, көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу және сапалы қызмет түрін пайдалану орайында өзекті мәселелер жыл өткен сайын өз шешімін тауып келеді, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз. – Әзірге 1307 көпқабатты тұрғын үй (қала аумағындағы жалпы көпқабатты тұрғын үй қорының 72 пайызы) жылу қабылдауға дайын. Қала аудандары бойынша дайындық көрсеткіштерін саралайтын болсақ: Абай ауданында – 304 үй (71%), Әл-Фараби ауданында – 444 (72%), Еңбекші ауданында – 380 (72%) және Қаратау ауданында – 179 (72%) көпқабатты үйде дайындық жұмыстары аяқталды.

Сала маманының айтуынша, негізгі жылу желілерін қайта құру жұмыстары бойынша биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлініпті. Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын жылу жүйелері жаңартылған.

Бұл қатарда, Байтұрсынов көшесінің бойында Рысқұлов – Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықта магистралдық жылу құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ауыстырылған құбырлардың диаметрі 219-530 милиметрлік қалыңдықты құрайды. Сонымен қатар, жылу шығынын едәуір төмендететін соңғы үлгідегі құбырлар пайдаланылған. Жобаны «3-Қуат жылу орталығы» мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асыруда. Қазіргі кезде жаңа құбырларды орналастыру жұмыстары аяқталған. Енді тек жылу камералары орнатылуда. Аталмыш көше қазан айына дейін толық қалпына келтірілмек. Бұл бағытта мекеме қызметкерлері екі ауысымда еңбек етуде.

Ал ішкі орамдық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінген. Қаланың оңтүстік аймағында аталмыш жұмыстар 70, ал солтүстік аймағында 85 пайызға аяқталды. Қазан айының алғашқы жұлдызына дейін жұмыстар толық тапсырылуы тиіс. Осы жұмыстардың нәтижесінде, қаланың солтүстік бөлігіндегі тозығы жеткен жалпы ұзындығы 139 шақырымды құрайтын жылу құбырының 38 пайызы жаңартылмақ. Сондай-ақ, қаланың оңтүстік бөлігінде 13 шақырымдық ішкі орамдық жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтті.

Сала мамандары кестеге сәйкес, қазан айының 15-жұлдызында орталықтандырылған жылу жүйесіне қажетті судың толық қуатында жіберілетінін айтады. Жылуды жеткізу міндетін «3-Энергоорталық» АҚ-ы, ал оған дайындық жұмыстарын жүргізу «3-Қуат жылу орталығы» мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.

Сондай-ақ, қала аумағындағы 352 бюджеттік нысан жылу қабылдауға толығымен дайын. Бұл қатарда, автономды қазандықтары бар 172 бюджеттік мекемеге қажетті 5058 тонна көмір, 353 мың литр сұйық отын жеткізілген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.