• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Фермерлерге субсидия онлаин түрде берілетін болады

15.09.2017
0

Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Баспасөз орталығында «Автоматтандыру ауыл шаруашылығын алға сүйрейді» тақырыбында брифинг өтті. Бұл шараға Егіншілік департаментінің директоры Қаджибекова Ажар Елемесқызы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ті цифрландыру департаментінің директоры Айымбетов Бауыржан Садуақасұлы, «Ақпараттық есептеу» орталығының өкілі Ибраев Серік Нарсұлтанұлы қатысып, бірқатар маңызды жайттарға тоқталды, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, Электронды нысандағы астық қолхаты, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бүгінгі күн талабы. Заман көшіне ілесіп, ауылшаруашылығы саласындағы электронды қызмет түрлерін ұлғайта түсу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көптеген жұмыстар атқаруда. Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру көп саланың дамуына даңғыл жол ашады. Мұны Мемлекет басшысы өз Жолдауында да айтып кеткен болатын.

Ауыл шаруашылығы саласында 100 мемлекеттік қызмет бар екенін айта кеткеніміз жөн. Оның ішінде 42-сін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көрсетсе, 50-ін жергілікті атқарушы органдар, 8-ін мемлекеттік корпорациялар көрсетеді.

Нақтырақ айтқанда, Министрлік ақпараттық жүйелер арқылы ветеринария, өсімдіктер карантині, фитосанитария, ауыл шаруашылық техникасы, мал шаруашылығы, жер және тағы да басқа салаларды қамтамасыз етеді.

«Ағымдағы жылы субсидиялаудың үш бағыты бойынша: жерді тыңайту, гербицидтер (шөпжойғылар), несие және лизинг бойынша толығымен автоматтандыру жоспарланып отыр. Осы шаралардың бәрі адам факторы арқылы емес, электронды түрге ауысуы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болатыны бәрімізге де мәлім. Екінші жағынан, бұл фермелерге де тиімді. Өйткені, шаруа өзінің негізгі жұмысынан көңілі бөлінбей, құжаттарды кезекке тұрмай, тез дайындай алады», – деп атап өтті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ті цифрландыру департаментінің директоры Бауыржан Айымбетов.

Сонымен бірге фермерлер астық егуді ғарыштық бақылау арқылы қадағалай алады. Яғни, электронды егіс картасы арқылы бәрі айқын көрініп тұрады.

Тағы айта кететін маңызды бағыттың бірі – электронды астық қолхаты. Астық туралы заңнамаға «қағаз» астық қолхаттарынан электрондық астық қолхаттарына көшуді көздейтін өзгерістер енгізілген болатын. Олардың есебі Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) жүргізіледі. Тізілімнің жұмыс істеуін minagro.kz веб-порталында орналасқан Астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) қамтамасыз етеді.

Жүйеде 4 500 астам астық нарығына қатысушылар, оның ішінде 2 000 шаруа (фермер) қожалықтары тіркелген. Атап айтқанда, жүйеде жалпы көлемі 30 млн. тоннаға 133 мың қолхат, оның ішінде 1 млн. тонна жаңа өнім астығына шығарылған.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша астық қолхаттарын тіркеуші болып айқындалған «Ақпаратты- есептік орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, тұрақты негізде жүйені жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктер мен функционалдар енгізуді қолға алды», – деді Егіншілік департаментінің директоры Қаджибекова Ажар Елемесқызы өз сөзінде.

Цифрландыру – Қазақстан болашағы. Сондықтан, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда айтылған мәселелер бойынша алдыға үлкен мақсат қойып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.