«Ұлы дала автокеруені» Ұлытауға атбасын бұрды. Ұлтымыздың тарихи кіндігі, қазақ үшін қастерлі мекенінде оңтүстікқазақстандық делегаттарды Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов қарсы алды.
Ауданның зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастары қатысқан кездесуде Ұлы дала автокеруенінің мақсаты мен бар қазақтың басын қосқан Ұлытаудың маңыздылығы айтылды. Кездесу соңында ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіш аудан басшылығына «Елбасы және Оңтүстік» кітабын табыс етті.
«Айғақ-ақпарат».