• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘЙГІЛІ МУЗЫКАНТ, ДИРИЖЕР ЗУБИН МЕТА ТҮРКІСТАНДА

04.09.2017
0

Дирижер ретінде қазіргі заманымыздың әйгілі музыканты Зубин Мета өнер және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістан қаласында болды.

Танымал музыкант, дирижер Зубин Мета ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, ЛаСкала театры қазақстандық көрермендердің назарына Ұлы композиторлардың мәңгілік туындылары — Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операсын және Л.Бетховеннің симфониясын ұсынуы жоспарланған. Осы мақсатта ТМД елдері арасында тұңғыш рет Астана қаласына табан тіреген Зубин Мета Түркістан қаласында сәулет өнерінің озық үлгісі, рухани мұра Қ.А.Ясауи кесенесін тамашалады.

Белгілі өнер иесін зор қошеметпен қарсы алған түркістандықтар мәртебелі меймандарға ұлттық дәстүрмен өрнектелген жөн-жоралғымен ерекше құрмет көрсетті. Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев ыстық ықыласын жеткізіп, Зубин Метаға шапан жауып, қазақтың қыл қобызын тарту етті. Сонымен бірге, қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Ж.Әзіретбергенұлы музыка әлемінің көрнекті тұлғасына барша Түркістан халқының сәлемін жолдап, мол шығармашылық табыс тіледі.

Осылайша бастау алған сапар Қ.А.Ясауи кесенесімен танысуға ұласты. Сонау замандардан сыр шертетін кесененің бөлмелерін аралап, ұлттың ұлылығынан ақпар алған Зубин Мета журналистерге берген сұқбатында қазақ халқының дүниетанымына, рухани мұраларға деген құрметі мен қонақжайлығына ерекше таңданысын жеткізді. Сондай-ақ, ол «Елбасыларыңыз Н.Ә.Назарбаевтың ел басқарудағы кемеңгерлігі маған айрықша байқалды. Аз уақыт ішінде сәулеттік келбеті әлемінің өзге қалаларына ұқсамайтын Астанадай қала тұрғызып, жас мемлекетті өркениеті биік, әлеуеті жоғары елге айналдырғаны айқын сезіліп тұр. Қазақстанға оның ішінде Астана қаласына жасаған сапарым маған ерекше әсер берді. Ал, Түркістан қаласы және оның қонақ келсе құшағын кең жаятын дархан пейілді тұрғындарын мен ұмытпаймын. Бұл мемлекет және оның халқы жайлы кең насихат болуы керек деп есептеймін және мен жүрген жерімде қазақ елі туралы айта жүретін боламын», — деп Қазақстанға жасаған сапарын жоғары бағалады. Әйгілі музыкантпен бірге келген жұбайы Ненси Мета: «Мен Қазақстанға келгенге дейін бұл ел туралы мүлде басқаша көзқараста едім. Міне, осы сапарда Н.Ә.Назарбаев басқаратын Қазақстан мемлекетінің өркендеп өсіп келе жатқанын және оның халқының болашаққа деген сенімінің нық екендігіне көз жеткіздім», — деп пікір білдірді.

Сапарды қорытындылаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзінде: «Қазақстанға сапар шегіп отырған әлемге аты мәшһүр Зубин Метаның келуі үлкен мәртебе. Және де құрметті қонақтың осында келіп қана қоймай ЛаСкала театры қазақстандық көрермендердің назарына Ұлы композиторлардың мәңгілік туындыларын ұсынуы еліміздің

өркениетті елдер қатарында айтарлықтай белеске жеткендігін байқатады. Елбасымыздың ұлттық өнерге, мәдениетімізге деген қамқорлығы қонақтарымызды да бей-жай қалдырып отырған жоқ. Себебі, өнердің биік шыңын бағындырған Зубин Мета мырза еліміз жайындағы көз қарасында мәдениетіміз бен аз уақыт ішінде оған жасалған қолдаулардың мол болғандығын пайымдап, ұлтымыздың өнерге деген құрметінің жоғары екендігін жеткізді. Ал, Түркістан қаласына жасаған сапарында ол кісі осындағы құнды мұраларымызға ерекше қызығушылық танытып, халқымыздың дүниетанымының кең екендігіне тағы бір көз жеткізді», — деп атап өтті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.