• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкенттен шыққан «Ұлы дала автокеруені» Астанаға келіп жетті

03.09.2017
0

Қасиетті жұма күні Шымкент қаласынан шыққан «Ұлы дала автокеруені» Астанаға келіп жетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында «Айғақ» телеарнасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен еліміздің бас қаласына «Ұлы дала автокеруені» сапарға аттанған болатын. Қоғамдық делегация құрамында Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Молдабай Ильясов, Қазығұрт аудандық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Мұхтар Момынов, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нышан Төлегенов, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Рымкүл Ертаева, «Нұр Отан» Партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Бостандық Жакей, Арыс қаласының Құрметті азаматы, Қоғамдық Кеңестің мүшесі,  «Ырыс алды-ынтымақ» ұйымының аудандағы төрағасы Балқыбеков Қонысбек және аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, мектеп директорлары мен белсенді жастар, телеарнаның шығармашылық тобынан құралған 30 – дан астам адам бар.

Олар сапар аясында Оңтүстіктегі бірқатар киелі және тарихи орындарға аялдап, ата-баба рухына құран бағыштады. Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды қалаларын басып өтіп, 2000-мыңға жуық шақырым жолды жүріп өткен автокеруен 2-қыркүйек күні түнде елордамызға табан тіреді.

Бүгін, яғни 3- қыркүйек күн «Астана ЭКСПО-2017″ Халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің жабылуы. Осылайша елдік шараға үн қосуға арнайы келген делегация мүшелері қазыналы аймақтағы барша тұрғындардың ыстық сәлемін астаналықтарға жеткізді. Ал, халықаралық көрмеде бір аптаға жуық өз өнерлерін паш етіп жатқан оңтүстік өнерпаздары делегация мүшелерін құшақ жая қарсы алды. Оның ішінде,»Нұр Отан» Партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов елден жеткен керуен мүшелеріне алғысын білдірді.

kspo-3

kspo-2

nurmahan-zholdasov

k-abdrahmanov-kabanbay

tno-aul-5

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне кірген бойда алғашқы танысу нысаны Қазақстанның «Нұр әлем» павильоны болды.  Ондағы озық технологиялар мен заманауи құрылғылар келушілерді таң тамаша етті.

2017-09-03-photo-00000176

2017-09-03-photo-00000177

2017-09-03-photo-00000178

Мұнан кейін, автокеруен мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Этноауылда» ұйымдастырылған шараларды көрді.

tno-aul-3

03-tno-aul-karavan

07-aygak

04-tno-aul

02-kabanbay

Мұнан кейін, «Ұлы дала автокеруені» «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен ұйымдастырылған жарысты тамашалады. Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде жігіттердің өнерін көрді.

Бұдан бөлек, жасөспрімдер мен жастар арасында асық атудан, жастар және ересектер арасында тоғызқұмалақтан, көрермендар арасында салмағы 35 келі болатын қошқар көтеру сайыстары өтті. Қошқарды иығына салып 28 көтерген Бердіқұл Əлфарабиға тең келер ешкім болмады. Теңге алудан Мағжан Сапарбеков жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысына сай жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарды «Нұр Отан» Партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов пен ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіштер марапаттады.

to-aul-1

 

«Айғақ-ақпарат».

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.