• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нәтиже қайда? Елбасының Ұлт жоспарының жүзеге асырылуына көңілі толмай отыр

28.08.2017
0

Қазақстан президенті Ұлт жоспары реформаларының жүзеге асырылудағы жеткіліксіз нәтижелерін атап көрсетті

Қазақстан Президентінің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жетекшілері қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңес барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.Тәжин, Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров баяндама жасады.

Мемлекет басшысы жұмыс тобы жетекшілерінің есептерін тыңдап, Бес институционалдық реформаның жекелеген бағыттарының іске асырылу барысына тоқталды.

«Бірінші реформаға тоқталайық. «Б» корпусының басшылықтағы қызметкерлерін аттестациялау қорытындысында көптеген министрлік пен әкімдіктерде жұмыс істейтіндердің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу деңгейі төмен екені анықталды. Ең алдымен, бұл ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне, сондай-ақ барлық әкімдіктерге қатысты болып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабында өсу жағдайы жақсарды. Сонымен бірге, бірқатар мемлекеттік органдарда «командалық ауыс-түйіске» байланысты басшылық құрамның ауысу деңгейі жоғары екені байқалады», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев «өз еркімен» босаған лауазымдарға түрлі кезеңде басшылармен бірге жұмыс істеген адамдар тағайындалып жатқанын айтты, сондай-ақ бұл мәселелерді ретке келтіру жөнінде қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

– Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы туралы халықтың Президент Әкімшілігіне арыз-шағымы азаймай тұр. Сотқа дейінгі сатыда нақты жарыспалылық жоқ. Қорғаушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігі жеткіліксіз. Айқын әрі болмашы бұзушылықтар жөніндегі рәсімдерді мейлінше жеңілдету қажет. Адамдар қарапайым істер бойынша шешімді айлап күтпеуі керек. Сот және құқық қорғау органдарының шешімдері жинақы әрі адамдарға түсінікті болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметіне тоқталып, шұғыл жағдайларда оларды басқарудың және әрекет ету жеделдігінің төмендемеуіне жол бермеу қажеттігіне тоқталды.

«Жергілікті полиция ішкі істер органдарының біртұтас жүйесінде болған және солай болып қала береді. Алайда, әкім полиция алдына жергілікті маңызы бар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде міндеттер қоюға құқылы», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаның үшінші бағытына қатысты 50 қадамның 13-і іске асырылғанын, ал қалғаны бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті жаңа Салық кодексі жобасынан тиімсіз жеңілдіктер мен артықшылықтарды алып тастау қажеттігін тағы да ескертіп, бұл мәселе жөнінде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіру жөніндегі заңды орындаудың маңызды екеніне назар аударды. Оның нәтижесінде тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасы төмендеуге тиіс.

«Экспорттық тауарлар жасау және әлемдік нарыққа шығу үшін қайта өңдеу секторына кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту міндеті қойылған болатын. Былтыр «Тенарис», «ЭФКО» және «Кока-кола» компаниялары іске асырған 3 бірлескен жоба ғана іске қосылды. Бұл ретте, кока-кола шығаратын компания елімізде өткен ғасырдан бастап жұмыс істеуде», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев «ірі инвесторлардың» қатысуымен экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру тұрғысынан соңғы 2 жылда айтарлықтай ілгерілеушілік болмағанын айтты.

«Бұл жөнінде жыл сайын айтып келеміз. Әлі күнге дейін стратегиялық инвестормен бірге осы салада бірде-бір жоба іске асырылған жоқ. Арнайы «Kazakh Invest» ұлттық компаниясын құрдық. Оған айрықша мәртебе беріп, барлық өңірде өкілдіктерін аштық. Жарты жыл өтті, нәтижесі қайда?» – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Премьер-Министрге инвесторлар тарту жөніндегі жұмыстарға жауапкершілік белгілеу жүктелді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен оның институттарының бұдан арғы жұмыс жоспары мен перспективаларына тоқталды.

Мемлекет басшысы Үкімет қабылдаған шараларға қарамастан, жер қойнауын пайдалану секторында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық мәселелеріне тоқталып, бұл саладағы заңнаманы қайта қарастыруды тапсырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарын одан әрі іске асыру үшін биліктің барлық тармағының алдында тұрған ауқымды жұмыс көлемін айқындап берді.

«Конституциялық реформа аясында Үкіметтің Парламент пен оның палаталары алдындағы есептілігі мен бақылануы күшейтілді. Кез келген басшы жауапкершілікті басқаға аудармай, мәселені өз деңгейінде жедел әрі біліктілікпен шешуге тиіс. Ағымдағы мәселелерді Президенттің деңгейіне шығарудың қажеті жоқ», – деді Елбасы.
Дереккөз: sputniknews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.