• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елбасы өткізген Ұлттық комиссия отырысында не айтылды?

28.08.2017
0

Премьер-министр бастаған жауапты орган басшылары Елбасы алдында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысымен таныстырды. Кеңесте Бақытжан Сағынтаев осы күнге дейін 50 қадамның орындалғанын мәлімдеді. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров қызметтік сатымен өсудің 4 есе артқанын және командалық ауысудың төмендеп келе жатқанын мәлімдеді.

Ұлт жоспары – елді алға бастайтын негізгі құжат. Мақсат орасан – кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігі, экономикалық өсім, бірлік және есеп беретін мемлекет қалыптастыру. Бес маңызды реформа. Бүгін Елбасы әрқайсысы бойынша ұлттық комиссияның есепбін тыңдады.

«Бұл – өте үлкен жоспар. Біз бұны түбіне дейін жеткізіп, барлығын орындап, халыққа «міне, жоспар орындалды, нәтижесі мынадай, жақсылығы мынадай» деп айтуымыз керек. Сондықтан мұны қадағалаудан біз таңбауымыз керек. Жалпы көрсеткіштерге оң баға беруге болады», — деді Қазақстан Республикасының Президенті.

Бес бағыт бойынша ауқымды жұмыс істелді. 66 заң қабылданды. Жыл соңына дейін тағы 8 заң жоба Парламентте қаралмақ. Бұл бағдарлама Елбасының жіті назарында.

«Ұлттық комиссия «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Қазіргі таңда комиссия 5 бағыт бойынша әрбір қадамның іске асу барысын нақты қадағалап отыр. Осы уақытқа дейін, өзіңіз айтқандай, 50 қадам орындалды, қалған 50 қадам орындалып жатыр», — дейді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Бірінші бағыт – кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Бұл салада жүйелі жұмыс атқарылды. Оған тиесілі 15 қадамның 11-і орындалған. Мемлекеттік қызметке тек білімді адамдарды тарту назарда. Сауатты, білікті маман ғана биікті бағындырады. «Жұмыстың жүйелі орындалуы кадрға байланысты», – деді Президент.

Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, соңғы жылдары қызметтік сатымен өсу 4 есе артқан. Келесі меже – командалық ауысуды доғару. Мұнда да көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Жұмыс алға басты деген осы.

«2015 жылы бастықтармен сондай ауысулар 6500 болған. Біз заңды енгізгелі былтыр 348, биыл одан да екі есе төмен», — деп атап өтті ҚР МҚІСЖҚІҚ агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

«Қызметтің жоғары сатысына бару үшін төменнен көтерілу керек дедік. Әділетті түрде адам қызметке келу керек. Ол адам білімді болу керек, білікті болу керек. Мүмкіндік болса, біздің оқу жүйелерінен өткен заңды білу керек, бағдарламамызды білу керек. Халыққа не керек екенін білу керек. Елменен сөйлей алатын, түсіндіре алатын адам болу керек. Сонда бүкіл мемлекеттік аппарат солай түзелетін болса, жалпы халыққа қызмет көрсету жөнделеді», — деді Елбасы.

Қара қылды қақ жарып, ақ пен қараны айыра білетін мамандар сот жүйесіне де қажет. Заң үстемдігі – Ұлт жоспарының бір парасы. Мұнда 19 қадамның 17-сі орындалған.

«Істердің 97 пайызы бәрі 1-сатыда шешімін тауып жатыр. Істердің жоғары сапада қаралуы қамтамасыз етілді. Азаматтық істердің 62 пайызы бір рет қана қаралады. 83 пайызы бірінші сатыда шемін тауып жатыр. Медиация институты іске кірісті. Азаматтық істердің 51 пайызы, қылмыстық істердің 14 пайызы медиациялық тәртіппен шешілді», — деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми.

Алға жылжу айтарлықтай. Әсіресе түрмеде жазасын өтеушілердің азайғаны қуантады. Дегенмен сот жүйесінің кемшіліктері әлі де бар. Бір мысалын Елбасы өзі айтып берді. Әл күнге дейін Президент әкімшілігіне арыз-шағымдар келіп түсуде.

«Президент Әкімшілігіне тұрғындар тарапынан заңдар мен құқық тәртібінің бұзылып жатқаны туралы шағымдар ағыны азаймай отыр. Сот алды деңгейінде нағыз жарыспалық жоқ. Адвокаттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің білігі төмен. Айқын және ұсақ құқық бұзушылықтардағы процедураны мүмкіндігінше қарапайым ету керек. Сот және құқық қорғау органдарының шешімі азаматтардың түсінуі үшін қысқа да нұсқа, анық болуы тиіс», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жергілікті полиция да әділдікті мақсат тұтуы тиіс. Оған жүктелген міндет орасан. 2 жылда жергілікті полиция қалыптасты деуге болады. Бірақ әлі де өз міндетін толықтай атқара алмай отыр.

«Жергілікті полиция ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде болған, келешекте де солай қала береді. Алайда, әкім полицияның алдына жергілікті деңгейде құқық тәртібі сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде міндет қоя алады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлт жоспарының ең ауқымды бағыты – экономика. 100 қадамның тең жартысы осы саланы қамтиды. Индустрия, инвестиция мен инфрақұрылымдық бағдарламалар да соның аясында. Демек бір емес, бірнеше ведомство жұмылып, жұмыс істеуі керек.

«Кемінде 10 трансұлттық компанияны өңдеу саласына тартып, экспорттық тауарлар өндіру, сөйтіп әлемдік рынокқа шығуды жоспарлаған едік. Өткен жылы «Тенарис», «ЭФКО» және «Кока-кола» компаниялары арқылы үш бірлескен жоба ғана қосылды. Ал кока-кола өндіретін компания біздің елде өткен ғасырдан бері жұмыс істеп келеді», — деді Қазақстан Президенті.

Президент бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысына назар аударды.

«Өткен жылы «бір терезе» мен электронды декларация жұмысын жандандыруды тапсырдым. Ол жа жасалып жатқан жоқ», — деді Елбасы.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, біз келісім жасап, әлемнің 98 елінде қолданылып жатқан ақпараттық жүйені алдық. Бірінші қазаннан бастап электрондық декларация іске қосылады. Ал келесі жылдың бірінші қаңтарында жүйе толық қуатында жұмыс істейді. Қазір барлық кәсіпкерлік процестерді ескеріп, пилоттық түрде іс жүргізілуде. Кәсіпкерлермен Кеден органдары өзара байланыста. Толықтай автоматтық түрде жүргізуге кірісті», — деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Былтыр Денсаулық сақтау министріне отандық фармацевтика саласын ретке келтіру міндетін жүктелген болатын. Нәтижесін Елжан Біртанов айтып берді.

«СК-Фармация бойынша тапсырманы орындадық. Негізгі мәселе отандық тауар өндірушілермен байланысты туындаған. Биыл қосымша іс-шаралар өткізіп, байқау ұйымдастырылды және қосымша 23 компаниямен келісім жасалынды. Бәрі де – өзіміздің тауар өндірушілер. Олардың өндірісті дамытуға қатысты ұсыныстарын орындадық», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау мен білім берудің жүгі жеңіл емес. Мемлекет әлеуметтік салаларға үлкен қамқорлық жасайды. Бірақ мұнда да үнемшілдік артық етпес. Сондықтан мектептер мен ауруханаларды мемлекеттік-жекеменшік аясында салу тиімдірек.

Төртінші бағыт – бірлік пен біртектілік. Бұл сала рухани жаңғырумен біте қайнасып жатыр. Жұмыс ауқымы кең. Есептік Үкімет қалыптастыру бойынша да қыруар жұмыс істеліп жатыр. 2013 жылдан бері мыңнан аса әкім-министр халыққа есеп берсе, кезекте жоғары оқу орындарының ректорлары тұр. Осылайша бес бағытта да ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Үкіметке жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр.

«Осы жылдардың ішінде қанша министрлермен бірге істедім, қанша әкіммен істедім. Оның ішінде атсалысып, маған өте үлкен көмек жасаған азаматтар болды. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев – бірінші күннен бастап сыртқы саясатты жасауға көмектесіп келе жатқан азамат. Ахметжан Есімов – ауыл шаруашылығының жүйелі түрде заң қабылдап, бүгінгі ауыл шаруашылығының негізін қалаған азамат. Сағадат Нұрмағамбетов – әскери күштерді, бірінші қарулы күштерді жасаған азаматардың бірі. Айта берсем көп. Көп еңбек сіңірген әкімдер бар. Оның бірі – Жақсыбеков Астананың бірінші әкімі. Айтатын болсақ. Даниал Ахметов, Тасмағамбетов, Сапарбаев деген әкімдер. Істеп кеткен, демалысқа кеткен министрлер, әкімдер барлығы жанымда жүріп, осы жұмысқа атсалысты. Менің ойымша, олар – ең жақсы жұмыс істегендер. Яғни, министрлер де, әкімдерде осы жылдар бойы қолдап, көмектесіп, бүгінге күнге жетуге үлестерін қосты. Қазір бұл міндет сіздерге жүктеліп отыр. Арада біраз уақыт өткеннен кейін мен де сіздер туралы дәл осылай айтқым келеді. Барлықтарыңа мен сенемін», — деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.