Қарағандының полиция бөлімшелерінде заманауи талаптарға сай шыныланған бөлмелер пайда болды.
Енді күдіктілерден жауап алу кезінде қауіпсіздік күшейеді әрі оның сөзін бейнетаспаға жазып алуға да мүмкіндік бар. Бұл «Халықтың мүддесіне қарай қылмыстық процестерді оңтайландыру» жобасы аясында жүзеге асқан.
Мергенбай Жаппаров, облыстық ІІД басшысы:
— 6 бөлімшеде осындай шыныдан жасалған 3-4 кабинет жасадық. Қаражатты ішкі бюджетімізден бөлдік. Сәйкесінше мұнда процессуалды және кезекші прокурор да болады. Кабинеттер компьютерлік базамен толықтай қамтамасыз етілген. Бюрократиялық іс-әрекеттерге жол берілмейтін болады.
Дереккөз: 24.kz