Бүгін ауыл округтері әкімдерінің сайлауы аяқталды. Кестеге сәйкес 7-ші тамыздан басталған науқан нәтижесінде облысымыздың 107 ауыл округінде сайлау өткізілді. Додаға түсуге жалпы саны 322 кандидат өтініш берсе, оның 320-сы тіркеуден өткен. Үміткерлерді ұсыну, тіркеу және үгіт жүргізу іс-шаралары «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңының талапатарына сай өткізілді. Лауазымға ие болған азаматтардың барлығы да жоғары білімді. Олардың 3-еуі әйел азаматшалар. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Кәденұлы Өмірәлиев журналистермен өткен баспасөз брифингінде су жаңа әкімдердің жас ерекшеліктері туралы ақпаратпен де бөлісті. Ең жас әкім 25 жастағы Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі – Сейтжанов Жансұлтан Әділжанұлы. Ал, қайта сайлаудан мүдірмей өтіп, елдің сеніміне ие болғандардың саны 68-ге жетіп отыр.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










