• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 20, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Игерілмеген қаржылар жаңа жобаларға жұмсалады

21.08.2017
0

Жылдың аяқталуына небәрі 4 ай уақыт қалды. Осыны ескеріп, барлық салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алу қажет. Игерілмеу қауіпі бар қаржыларға толық талдау жасап, қажет болған жағдайда оларды қысқартып басқа жобаларды қаржыландырға бағыттауға үлгеру  керек. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Селекторлық отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы —  жергілікті бюджеттің игерілуі. Бұл жөнінде облыстық Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рахымберді Мүлкеманов баяндама жасады.

Биыл облыс бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтық және басқа да түсімдер жоспары 108,7 пайызға орындалып, отыр.Бұл 2016 жылдың 7 айымен салыстырғанда түсімдер 3,9 млрд.теңгеге өсіп отыр.

«Биылғы 7 айдың қорытындысымен жоспардағы 334,8 млрд.теңгенің 326,7 млрд.теңгесі игеріліп, жоспар 97,6 пайызға  орындалды. Бюджеттің шығыстарына келетін болсақ, бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бюджет қаржысы 99,9 пайызға игерілген», — деді Рахымберді Мулкеманов.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыс әкімі тиісті сала басшылары мен аудан-қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты бәсеңдеткен жауапты қызметкерлерге талапты күшейтуді тапсырды.

«Барлық бағдарлама әкімшілеріне, аудан, қала әкімдеріне және облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Бірінші кезекте құрылыс нысандарының сапасына аса көңіл бөлініп, қалыс қалып отырған нысандар бойынша 2, 3 ауысымда құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, бюджеттің орындалу барысы бойынша әрбір 15 күн сайын, арнайы мәжілістерді өткізуді тапсырамын», — деді Ж. Түймебаев.

Жиында қаралған екінші мәселе — облыстағы ветеринариялық қауіпсіздік. Бұл жөнінде облыстық Ауылшаруашылық басқармасының орынбасары    Нұржігіт  Мырзахметов баяндама жасады.

2017 жылдың басынан Бәйдібек, Мақтарал, Отырар, Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт, Шардара аудандарында Конго-Қырым қанды қызбасын залалсыздандыру жұмыстары сапасыз жүргізілген. Сондай-ақ биыл жануарлардан жарақат алған адам саны 2016 жылмен салыстырғанда едәуір азайған

Екінші мәселе жөнінде өңір басшысы шұғыл арада ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштарды жергілікті бюджет есебінен сатып алуды қамтамасыз етуді жүктеді. Сонымен қатар, сібір жарасының көмінділерін тәртіпке сәйкес оқшаулауды, облыс аумағындағы сауда орындарында, базарларда сатылып жатқан ет өнімдерінің сапасына тұрақты қадағалау жүргізуді тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.