19-тамыз күні Қарқаралы жерінде Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 — жылдығы тойланбақ. Кең- байтақ, қазақ даласының табиғатын, сырын ішіне бүккен шежірелі тарихын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, Оңтүстік көрермендерінің назарына ұсынып келе жатқан «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы да торқалы тойдан арнайы телетуныды дайындау мақсатында күні кеше жолға шықты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Айғақ телеарнасының тың жобалары өте көп. Дәл осы бағыттағы кезекті сапар тарих қойнауынан сыр шертпек. «Туған жер –құтты мекенім» атты жобамен Қазыбек бидің 350-жылдық мерейтойына арнайы шақырту алған телеарна басшысы Дулат Әбіш бастаған түсірілім топ, делегация құрамымен бірінші Арыстан бап кесенесінде түнеп, таңертең киелі Түркістан қаласына аялдады.
Жомарт Бегімбет