• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір

07.08.2017
0

Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңыз­ды шарты болып табылады. Қоғамдық өрлеу, демо­кратиялық даму, эко­но­микалық өркендеу азаматтардың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына қатыс­қан жағдайда ғана мүм­кін болады. Ал билікке деген сенім мен құрмет – тату­лық пен келісімнің, сая­си тұрақтылықтың және орнықты дамудың берік іргетасы. Бүгінде еліміз­де үкіметтік емес ұйым­дар­ды нығайту жүйелі және үдемелі сипатқа ие бол­ды деп нық сеніммен айта аламыз

Мемлекетсіз азаматтық қоғам өмір сүре алмайды. Ал азаматтық қоғам дамыған жағдайда жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркін­діктері заң жүзінде қам­тама­сыз етіледі, саяси жағы­нан қорғалып, үйлесімді даму үрді­сі көрініс береді. Ел дамыған демо­кратиялық мемлекетке айналып, азаматтар өркендеген азаматтық қоғамды құрай­ды. Жал­пы, үшінші сектор – елдегі қоғам­дық-саяси үрдістердің демо­кра­тиялануына оң ықпалын тигізетін күш.

Елімізде тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдарынан бастап, азамат­­тық қоғамның негізі ретін­де сана­латын үкіметтік емес ұйым­дар­­дың қалыптасуына және дамуы­на саяси, құқықтық және әлеу­­­мет­тік қолдау-көмек­тер мүм­­кін­­ді­гінше жасалып келеді. Олар­­дың қоғамдағы рөлін арт­ты­ру­­ға Елбасымыз да үл­кен мән бе­­ріп отыр. Алғаш рет шақы­рыл­­ған Азаматтық фо­рум­ға Мем­­л­екет басшысының өзі қа­тыс­­­ты, онда сөйлеген сөзінде Пре­­­зи­­­дент азаматтық қоғам инс­титуттарының елдің әлеу­мет­тік-экономикалық әлеуе­тін арт­­тырудағы алатын орнына, сон­дай-ақ, саяси тұрақтылық пен этносаралық ынтымақты ны­ғай­тудағы рөліне жан-жақты тоқ­талған болатын. «100 нақты қадам» Ұлт жос­парында да елімізде азаматтық қоғам институттарын әрі қарай дамы­тып, олардың жұмысын жан­дандыруға ерекше маңыз беріліп отыр. Осыған байланыс­ты қолға алынған және іске асы­рылған жұмыстар аз емес. Рас, кез келген мәселенің заңнамалар аясын­да жүзеге асырылатыны, оның әрі қарай дамытылатыны белгілі. Бәсекелестікті, іс­кер­­­лікті қажет ететін қазіргі за­ман­­да бірқатар өзге салалар сияқ­­ты азаматтық қоғам инс­ти­тут­тары­ның нығаюына, олар­дың қыз­меттерінің жандануына ық­па­лын тигізетін жаңа заң­нама қа­жет еді. Осыны өз жауап­кер­шілі­гіне ал­ған Дін істері және аза­мат­тық қоғам ми­нистрлігі үкі­метт­ік емес ұйымдардың ұсы­ныс­т­арын ескере отырып, «Қазақ­стан Рес­­пуб­ликасының кейбір заң­­на­­ма­лық актілеріне үкіметтік емес ұйым­дардың қызметі мәселе­лері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Пар­ламент Мәжі­лісінің қарауына ұсынды.

Бұл құжаттың маңызы үшінші сектор үшін ғана емес, еліміздегі өзге салалар үшін де зор бол­мақ. Өйткені, заң жобасында мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырыс нәти­желерін бағалауды енгізу қарас­тырылған. Оның ең басты ерек­шелігі – ол тұрғындардың мем­ле­кеттік әлеуметтік тапсырыс ая­сында іске асырылатын қызмет сапасы мен оған қанағаттану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын қызмет көрсетулердің сапасы мен мазмұндылығына, шарттары мен бағалау критерийлеріне бірыңғай талаптар, яғни стандарттар енгізулер ұсынылып отыр. Бұған қоса, елімізде ҮЕҰ-ларға арналған гранттар мен сыйлық­тар тағайындау мәселесі де қарас­­ты­рылған. Міне, бұл үшін­ші сектор құрылымдары мен ұйым­­дарына мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты көрінісі болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, азаматтық қоғам саласы бойынша биылғы жылы 55 жобаны іске асыру көздел­ген. Бүгінде осыған қатыс­ты жұ­мыстар белсенді түрде жүр­гізіліп келеді. Қолға алынған жобалардың тақырыптары алуан түрлі. Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау, патриоттық тәрбие, ҮЕҰ-ның әлеуеті мен олардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне талдау жасау, радикалды идеологиядан зардап шеккен азаматтарды оңалтуға бағытталған іс-шаралар сияқты өзекті де өткір жобалар бар. Сондай-ақ, бұған тақырыпты қа­лып­­т­ас­тыру рәсімінен бас­тап мони­торинг пен бағалауға дейін мемлекеттік-әлеуметтік тапсы­­рысқа қатысты мәліметтер жинақ­­талатын электронды ақпа­рат­тық ресурсты әзірлеу және оны енгізу мәселесін қосуға болады.

Биылғы жылы үкіметтік емес ұйым­дарды гранттық қаржы­лан­дыру шамамен 588 миллион теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда, қаржыландыру үш есеге ұлғайтылған. Сонымен бірге, гранттарды үйлестіру тақы­рып­тары едәуір кеңейтілді, гранттар сомалары тұрғындардың атау­­лы жұмыс үшін бөлінетінін атап өткен жөн. Гранттық қаржы­лан­дыру тәжірибесін әрі қарай жетілдіру шаралары да қолға алынып жатыр. Ал тиісті гранттарды бөлумен өткен жылы құрылған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы үлгісіндегі қаржыландыру орталығы айналысады. Ағымдағы жылдың маңызды жетістігінің бірі ретінде жыл басын­да гранттар бойынша кон­курс­тық рәсімдердің өткізілге­нін атауға болады. Нәтижесінде грант­­­т­ық жобаларды іске асыру мер­зімі ұлғайтылды. Өз кезе­гінде олар үшін бұл сапалы нәти­женің кеп­ілі болып табылады. Осы жыл­дың бірінші жартысында ҮЕҰ-лар үшін мемлекеттік гранттар бөлу бойынша ақпан және мамыр айларында екі конкурс өткізілді.

Үшінші секторды нығайтуға байланысты қолға алынған игі шараның тағы бірі – гранттық қаржыландыру аясында ауылдық аудандарды қоса алғанда, елі­міз­дің өңірлері бойынша халық­тың қажеттіліктеріне бағалау жүр­гізіліп жатқандығы дер едік. Қазіргі кезде осы мәселеге бай­ла­нысты кешенді зерттеу жүр­гізуге ұсынымдар әзірлену­де. Сол кешенді зерттеу нәтижесі бо­йын­ша еліміз тұрғындарының қажеттіліктері картасы жасалады. Сондай-ақ, Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін бастау ал­ған жоба­­лардың қатарына Қазақ­стан­­ның еріктілер ұйымдарының кар­тасын құру жобасын да қосу­ға бо­лады. Қазіргі кезде көп­ші­­­лік ара­сында қызықты деп таныл­­­ған бұл жобаға қатысты іс-ша­ра­­­лар ой­да­ғыдай жүргізілуде. Жоба щең­берінде қазақстандық ерік­ті­­лер ұйым­дарының қызметі нақ­ты көрсет­кіштер бойынша тал­дана­ды. Еріктілер ұйымдары­ның кар­­та­­сында үкіметтік емес ұйым­­­дар­дың немесе бастамашыл топ­тардың және еріктілер ұйым­­дары­ның зерттейтін өңір­лер­­дегі қажет­тіліктері баяндалады.

Азаматтық қоғамды дамыту­ға бағыт­талған инновациялық жо­ба­­­ның тағы бірі – ҮЕҰ-ның мем­­­лекеттік әлеуметтік-эконо­ми­ка­­лық дамуына қосқан үлесін баға­лау жобасы. Аталған жобада ҮЕҰ-ның еліміздің дамуы­на қос­қан үлесін бағалау әдістемесін жа­сау көзделген. Әдістеме қанатқақты апробациялау үдерісіне не­гіз­­деледі және тұрақты қол­данудың нақты алгоритмі болады. Осы тұста атап өтейік, биыл­ғы жыл­дың 1 наурызынан бастап үкі­меттік емес ұйымдардың мәлі­мет­тер база­сының infonpo.kz Ин­тер­нет-пор­талы іске қосылды, сол бо­йын­ша ҮЕҰ-лар электронды пор­­тал арқылы өзінің қызметі тура­лы мәліметтерді толтырады, өз бетінше жүктейді және жаң­ғыртады. Мәліметтер базасын­да болған жағдайда ҮЕҰ-ларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстан өту кезін­­де қосымша балл беріледі. Сон­дай-ақ, infonpo.kz-ға тіркелу ҮЕҰ-ларға грант алу конкурсы­на қатысуға мүм­кіндік береді. Ал мәлі­меттер база­сында тіркелме­ген ҮЕҰ мемлекеттен гранттық қар­жыландыру­ға үміткер бола алмайды.

«100 нақты қадам» Ұлт жос­парына сәйкес, азаматтық қоғам инс­титуттарын дамыту мақ­сатында «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңға ҮЕҰ-ның өз қыз­меттері бойынша міндетті есептілігі жөнінде талап енгізіліп отыр. Бұл есептілік үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына ұсынылуы тиіс. Аталған норма әлемдік тәжірибеде бар және оны дамыған елдер қолданып келеді. Бүгінде ҮЕҰ-ның дерекқорына 3 мыңнан астам қазақстандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесі енгізілген. Ол ҮЕҰ-ның қызметі туралы ақпараттық қоғам және донорлар үшін ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Еліміздегі үкіметтік емес ұйым­­­­дар үшін келесі бір жағым­ды жаңалық – оларға сыйлықтар та­ға­­­йын­­­д­алғандығы. Сыйлықтар ҮЕҰ-ның институттық дамуына, ұйым­­ның жарғысында көрсетіл­ген мақ­­саттарына, қызмет­кер­лер­дің білік­тілігін арттыруға және олар­дың материалдық базасын ны­ғайтуға бағытталады. Ал сый­лық­­тар он бес аталым бойынша әлеу­­меттік маңызы бар жобаларды іске асыруда жақсы нәтиже көр­сет­­­кен ҮЕҰ-ларға беріледі. Қазір­гі кез­де конкурсқа қа­тысуға өтім­дер қа­был­данып жатқанын да айта кетейік.

Еліміздің Дін істері және аза­маттық қоғам министрлігі осы жыл­дың қаңтарында Үкімет­те өңірлердегі жастарды дамыту бойынша инфрақұрылымды күшейту мәселесіне қатысты бастама көтер­ген болатын. Нәти­жесінде Премьер-Министр­дің тапсырмасы­мен об­лы­стар, Астана және Алматы қала­лары­ның әкімдіктері 2017-2020 жыл­дарға арналған жастар­ды дамытуды ұйымдастыру жөнін­дегі іс-шаралар жоспарын әзір­леді. Осыған байланысты жас­тар саясаты саласында бес негіз­гі басым­дық анықталды. Олар – ауыл жастарының бос уақы­тын ұйым­дастыру және әлеу­мет­­тенуіне жағдай жасау, қиын жағ­дайға тап болған жастарды дамыту және олар үшін «әлеуметтік лифті» құру, жас отбасыларды қолдау және бала тәрбиесіне кө­ңіл бөлу, жастармен жұмыс іст­ей­тін кадр аппаратын дамыту және ведо­м­ствоаралық жұмысты үйлестіру.

Жалпы, «Мәңгілік ел» идея­сының мәні де, маңызы да ерек­ше. Тәуелсіздігімізді баянды ету­­де, оны Мәңгілік елге айнал­дыру­да азаматтық қоғам инс­титут­тары­ның атқаратын қызмет аясы ауқымды. Өйткені, олар халық­тың ұсыныс-пікірлерін, өтініш-тілектерін билікке жеткізетін қо­ғам­дағы негізгі күш саналады. Мем­­лекет басшысының елімізде аза­маттық қоғамды нығайту­ға ерекше мән беріп отырғаны сондықтан.

Дереккөз: Egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.