Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Т. Дүйсенова: Халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды
    Жаңалықтар

    Т. Дүйсенова: Халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.08.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті.  Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.

    Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасы сынды маңызды бағдарламалардың орындалу барысына көңілі толатынын мәлімдеді. Министр ханым, сондай-ақ, облыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін халыққа түсіндіру жұмыстарын одан әрі жандандыру жайын облыс әкімімен  талқылап, оңды нәтижелерге жетудің жолдарын қарастырды.

    Кездесуден соң қос жетекші әлеуметтік салалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша шаһардағы бірнеше нысандарды аралауға шықты. Министр Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ең алдымен, «Өрлеу» жобасына қатысушы шымкенттік тұрғын Айнұр Жаманқұлованың шаңырағында болды. Жоба игілігін пайдаланып, 500 мың теңгеге жуық қаржы алған кәсіпкер бүгінде өз үйінен  тігін цехын ашып,  әйелдерге арналған сәнді киімдер тігумен айналысып жатыр. «Әзірге айлық табысым 150 мың теңгенің көлемінде» деген Айнұр алдағы уақытта «Өрлеудің» кезекті мүмкіндіктерін тиімді пайдаланамын деп  отыр.

    Т.Дүйсенова «Өрлеу» жобасына қатысушы азаматшаның жұмысына сәттілік тілеп, «Жастар тәжірибесі» аясында көмекші алуға кеңес берді.

    «Кәсібіңізді дөңгелетіп алып кету үшін сіз көмекші алып, оған шығындалудың қажеті жоқ.  Өйткені,  әзірге табысыңыз оны көтермеуі мүмкін. Сондықтан жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен өзіңізге көмекші алуыңызға болады. Оның алты айлық жалақысын мемлекет төлеп береді. Егер ол көмекшіңіз ойыңыздан шығып жатса, келісімге келіп, еңбекақы тағайындап, жұмысқа алуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Жалпы,  халықты нәтижелі жұмыспен қамту – тұрақтылық пен табысқа бастайды. Сондықтан облыста осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады», — деді Тамара Қасымқызы.

    Жұмысшы топ  арнайы аялдаған кезекті нысан – «Стандарт Цемент» ЖШС ғимараты болды. Зауыт жұмысымен танысып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылармен әңгімелескен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ондағы жұмысшылардың мәселелерін тыңдап, мемлекет тарапынан жасалынып отырған жеңілдіктерді баяндады.

    Бүгінде 700-ге жуық жұмысшысы бар «Стандарт-Цемент» зауыты 2011 жылы құрылған. Цемент өндіріп, оны сатумен айналысатын серіктестік жылына 2 млн. тонна өнім өндіреді. Мұндағы цемент өнімдері Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Тәжікстанға саудаланады.

    Министр мен әкім бастаған топ Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында жалғасты. Жұмыспен қамту орталығы 2011 жылы құрылған. Ал жаңа ғимарат 2016 жылдан бастап пайдаланылуда. Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша мұнда қазіргі таңда 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Күніне мұнда 200-ге жуық адам келіп, түрлі саладағы жұмыстарға жолдама алып жатады.  Ғимараттың төменгі қабатында жалдамалы жұмысшыларға жағдай жасалған.  Тамара Қасымқызы шаһар жұртшылығын жұмыспен қамту саласына жауапты жетекшілермен тілдесіп, жұмысты одан әрі ширатуды тапсырды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.