• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар болашақтағы кеңсе киімін таныстырды

02.08.2017
0

Отандық дизайнерлер кеңседе дресс-кодты сақтай отырып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі велосипедпен жүруге ыңғайлы киім түрін жасап шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. ЭКСПО-2017 павильондарын аралап жүрген келушілердің назары «Samruk-Energy» стендіне, ондағы спорттық және кеңсе стиліндегі ерекше униформа киген қызметкерлерге түсетіні анық. ҚазАқпарат тілшісі идея авторымен сұхбаттасып, алуан түрлі бағыттарды қалайша бір арнаға тоғыстырғанын сұрады. Оffice-Аir (кеңсе-спорттық дресс-код) стилін жүзеге асырумен айналысқан «Заманауи инновациялық технологиялар» ЖШС ЭКСПО-2017 көрмесіндегі «Samruk-Energy» компаниясының стендінде жұмыс істейтін қызметкерлерді және волонтерлерді қажетті киім-кешекпен жабдықтау бойынша тендерге өтінім берген және анағұрлым ыңғайлы ұсыныстар білдіріп, жеңіске жеткен. Қысқа мерзімде компания ерлер және әйелдер жиынтығының қажетті санын тігіп берді. Нәтижесінде «Samruk-Energy» стенді жаңа технологияларымен ғана емес, осындай бірегей идеясымен де көзге түсті», — дейді «Samruk-Green Energy» ЖШС бас директорының кеңесшісі, МВА, экономика ғылымдарының докторы Жомарт Момынбаев. Шын мәнінде Ж.Момынбаев — болашақтағы кеңсе киімінің жаңа стилін ойлап табуға мұрындық болған жан және оны иеленген алғашқылардың бірі. «Заманауи инновациялық технологиялар» компаниясы өнімнің техникалық сипаттамалары, сыртқы келбеті және кескіндемесі бойынша Жомарт Момынбаевпен кеңескен және алғашқы үлгілерін сынақтан өткізуге берген. Соңында экономика ғылымдарының докторы және дизайнерлер киімнің барынша ыңғайлы, қолайлы, кеңселік дресс-код бойынша жұмыс берушінің талабын қанағаттандырып және жұмысшының велосипед айдауына мүмкіндік беруі тиіс деген тұжырымға тоқтаған.

01

«Ғаламтор беттерінен еуропалық мемлекеттік қызметшілердің кеңселік дресс-кодқа сәйкес костюмде велосипедпен жұмысқа бара жатқанын көріп жүрміз. Анығында, қазіргі кеңсе киімдері велосипедпен жүруге ыңғайсыз және мұндай физикалық жүктемелерге арналмаған. Жұмысқа келгенде спорттық киімін шешіп, кеңсе киімін киетін мүмкіндік біреуде бар, біреуде жоқ. Осылайша, кеңселік спорттық дресс-код мәселесін шешуді ойладым. Арнайы біріктірілген тұжырымдаманың жоқ екенін білдім. ­Өзім дизайнер болмағандықтан, «Заманауи инновациялық технологиялар» компаниясына идеяларымды жүзеге асыруды ұсындым», — дейді Жомарт Момынбаев. Жаңа кеңсе киімі жиынтығында арнайы жел өткізгіш материалдан жасалған майка, кеудеше және галстук бар. Одан бөлек, ауа өтетін матадан тігілген шалбар мен туфлиді еске түсіретін кроссовки, сәнді қауіпсіздік бас киімі бар. ЭКСПО-2017 тақырыбымен қатар, Оffice-Аir киімі де энергияны үнемдейді. Кеудешесі бар майка жейде мен пиджакты алмастырады, оны қолмен жууға болады, тез кебеді және үтіктеуді қажет етпейді. Бұл дегеніңіз — нағыз энергияны үнемдеу. Оның үстіне, жұмсалған мата көлемі бір костюм матасынан 3-4 есеге аз. Бұл да толық жиынтықты сатып алу қаражатын үнемдеу мүмкіндігін тудырады.

02

«Өз басым бұл киімді қуана-қуана киіп жүрмін, киімнен ауа өтеді, белсенді өмір салтына да ыңғайлы, шабаданда көп орын алмайды және үтіктеуді қажет етпейді. Office-Air стилінің негізінде еркіндік пен қозғалысқа деген құлшыныс жатыр. Енді бұл өнімімізді өзге ел мен өзге мәдениет өкілдеріне ұсынып жатырмыз», — дейді Ж.Момынбаев. Кейбір деректер бойынша, «Заманауи инновациялық технологиялар» компаниясы Алматы әкімдігіне Оffice-Аir стилін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдарда сынап көру үшін және сынақ қатысушыларының ой-пікірін білу мақсатында пилоттық қаланы бекіту мүмкіндігін мақұлдау туралы хат жіберген және мұндай хатты Астана әкімдігі мен ел үкіметіне де жолдауды жоспарлап отыр. Отандық дизайнерлер алдарына ерекше мақсат қойып отыр, олар Оffice-Аir дресс-кодын әлемге таратып, Қазақстанды Англия (смокинг), АҚШ (джинс) секілді өзекті фэшн-өнім ұсынатын елдер қатарына қосуды көздейді. Ал әзірге болашақтағы кеңсе киімін ЕХРО-2017 көрмесіндегі «Samruk-Energy» компаниясының стендінен тамашалауға болады.

Дереккөз: inform.kz

Бөлісу4TweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.