Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»ҰБТ-дан межелік деңгейден өтпегендер тестілеуден қайтадан өте алады
    Білім

    ҰБТ-дан межелік деңгейден өтпегендер тестілеуден қайтадан өте алады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.08.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында жаңа форматта өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу мен ТжКБ білім алушыларының Кешендік тестілеуінің қорытындылары қаралды-деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

    ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл ҰБТ-ның жаңа формат бойынша жүргізілгенін және екі рәсімге: мектептердегі бітіру емтихандары секілді қорытынды аттестаттау және ЖОО-на қабылдау емтиханына бөлінгенін атап өтті. Бұл формат Жапонияның, Израильдің және АҚШ-тың халықаларық тәжірибесін талдау нәтижесінде әзірленген.

    Айта кету керек, ҰБТ-ның мазмұндық бөлімінде логикалық ойлау деңгейін, базалық құзыретті және әрі қарай оқуға деген қабілеттілікті, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға бағдарланған тестілер болды.

    Бұдан өзге, биыл алғаш рет тестілеудің онлайн-таратылымы іске қосылды. Бұл барлық ниет білдіргендерге Қазақстанның кез-келген жерінен тестілеу үдерісін бақылауға мүмкіндік берді, сәйкесінше бұзушылықтардың санын төмендетті.

    Жалпы ҰБТ-ға 88 595 адам қатысты, бұл өтінім бергендердің 95% құрады. Тестілеу қорытындысына сәйкес республика бойынша орташа балл 140-тың 80,5-ін құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 125-тің 81-ін құраған болатын. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 74 517 түлек асты, бұл 84%-ды құрады.

    Кешендік тестілеу 17-23 шілде аралығында жоғарғы оқу орындарының 48 пунктінде өтті. Оған қатысуға 54 649 өтінім берілді, іс жүзінде тестілеуге 50 416 адам қатысты. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 21 078 адам немесе түлектердің жалпы санының 42% асты.

    Межелік деңгейден өтпегендер тестілеуден қайтадан өте алады. Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу – 19-24 тамыз аралығында өтеді. Межелік деңгейден екінші ретте де өтпей қалған жағдайда ЖОО-ға бір семестрге ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.