Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»І жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда 12 медициналық мекеме аккредитациядан өте алмады
    Денсаулық

    І жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда 12 медициналық мекеме аккредитациядан өте алмады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    І жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда 65 медициналық мекеменің ішінде 12 медициналық мекеме ұлттық аккредитациялау стандарттарына сәйкестілігіне кешенді бағалаудан өте алмады, деп хабарлады Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығынан (ДСДРО).

    Қазақстанда 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарды аккредитациялау аяқталды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 14 аймақтан (Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа) алғашқы медициналық-санитарлық және стационарлық көмек көрсететін 65 медициналық ұйым, сондай-ақ аудандық және ауылдық деңгейдегі медициналық мекемелер ерікті түрде аккредитациядан өтуге өтінім берген. Жалпы, өтінім берген ұйымдардың 49-ы (75%) – мемлекеттік, 16-сы (25%) – жекеменшік медициналық ұйымдар. Аккредитациядан өтуге көбіне Жамбыл (12 МҰ, барлық өтінімдердің 18,46% құрады), Қарағанды (8 МҰ — 12,31%) және Алматы (7 МҰ – 10,77%) облыстарының медициналық ұйымдарынан (одан әрі — МҰ) өтінімдер түсті.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің (одан әрі — ҚДСК) 2017 жылғы 23 мамырдағы №38-ОД «2017 жылы медициналық ұйымдарды аккредитациядан өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін, құрамына 31 оқыған сарапшы, ҚР ДСМ ҚДСК 1 қызметкері, ҚР ДСМ ҚДСК аумақтық департаменттерінің 14 қызметкері, топтардың жетекшілері ретінде Аккредитациялау орталығының 2 қызметкері кіретін 16 сараптау тобы жасақталды.

    Медициналық ұйымдардың аккредитация стандарттарына сәйкестілігін сараптамалық бағалау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы №127 «Денсаулық сақтау саласындағы аккредитациялау ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2017 жылдың 29 мамыры мен 24 маусымы аралығында тоғыспалы тәсілмен өткізілді.

    ҚазТАГ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.