• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Біртанов реформасы: Науқастарды «жасанды интеллект» емдейді

25.07.2017
0

Алдағы екі-үш жылдың ішінде ауруханадағы ұзын-сонар кезектер мәселесі толығымен шешілуі әбден мүмкін. Адамдар дәрігерге сабылмаса да болады. Себебі әрбір пациенттің электронды денсаулық паспорты мен жеке кабинеті арқылы дәрігерлер бәрін бақылауда ұстап отырады. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онкологиялық ауруларды бақылайтын «жасанды интеллект» жүйесін де енгізуге мүдделі. Алайда осының бәрін іске қосу оңай шаруа емес, бұл үшін біраз кешенді шараларды атқару қажет.

Әлбетте, бірыңғай электронды базаны жасақтау үшін алдымен әрбір аурухананың өз ішіндегі локалды желісін, яғни ішкі ақпарат алмасудың электронды жүйесін ретке келтірген жөн. Бүгінде емханаға тіркелу, кезекке тұру сияқты электронды қызметтер де соны көздейді. Ал әрбір медициналық мекеменің ішкі жүйесін ретке келтіргеннен кейін олардың барлығын ортақ бір желіге, бірыңғай платформаға қосу қажет. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, қазіргі кезде ақпраттық жүйелерді өзара қосу және бірыңғай деректер базасын құру мақсатында интеграциялық платформа құрылып жатыр. Аталған бастамаға Дүниежүзілік банктің өзі қолдау жасап келеді. «Ағымдағы жылдың аяғына дейін сол платформаны пилоттық негізде іске қосу жоспарланып отыр. Соның негізінде электронды денсаулық паспорты, пациенттің және дәрігердің жеке кабинеті құрылады. Алдағы уақытта электронды денсаулық паспортын ойдағыдай енгізу үшін әрбір медициналық ұйым пациенттер туралы деректерді беруі тиіс. Әрине, оған қажетті компьютерлік техника, сапалы интернет пен ақпараттық жүйелер керек», — дейді Елжан Амантайұлы.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша емханалардың 45 пайызында ішкі ақпараттық жүйелері бар. Демек, олардың барлығы пациенттер туралы қажетті деректерді беруге әзір. Алайда қалған емханалар әлі күнге дейін қағазбастылықтан арылған емес, тиісті құжаттарды қолмен толтырып жүр. Жыл басынан бері медициналық мекемелерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші екі есеге артып, республика бойынша 74 пайызға жетсе де, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстары орташа көрсеткішке де жете алмаған. Бұл ретте жергілікті билік келесі жылдың аяғына дейін барлық медициналық мекемелерді ақпараттық жүйелер мен компьютерлік техникамен толығымен қамтамасыз етеміз деп сендіреді. Дегенмен, оның сыртында интернет мәселесі тағы бар. Себебі сапалы интернет желісі болмаса, өзара ақпарат алмасу тағы мүмкін емес. Осылайша күрмуеулі мәселелер сабақтаса шешімін таппаса бірыңғай платформаны да іске қоса алмаймыз. Өкінішке қарай елімізде емханалардың жартысынын көбі интернетке шыға алмайды екен. Оның да өзіндік себептері бар. Негізі облыстық және қалалық емханалардың барлығында интернет бар. Ал интернетсіз отырған мекемелердің басым бөлігі — шалғай жерде орналасқан ауыл емханалары. Министр Біртановтың айтуынша, келесі жылдың аяғына дейін шалғай жатқан емханаларды да интернетке қосу қажет. Өйткені 2019 жылдан бастап барлық медициналық мекемелерді толығымен электронды жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр. Содан бастап, дәрігерлер қағазбасты жұмыстан толығымен құтылады деген сенім бар. Себебі амбулаторлық кітапшалар, тіпті дәрігерлік рецепттер электронды түрде жазылады.

Шыны керек, денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі бастамаларын іске асыру үшін әкімдердің белсенді әрекеті, ортақ іске деген жанашырлығы қажет-ақ. Себебі ақпараттық жүйелерді құру мен компьютерлік техникамен қамтамасыз ету шаралары жергілікті жерде шешіледі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі интернетпен қамту жағын реттеп бермесе тағы болмайды. Аталған ведомствоның басшысы Дәурен Абаевтың айтуынша, алдағы екі жылдың ішінде республика бойынша 900-ден астам денсаулық сақтау нысандарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету көзделген. Ал 2020 жылдан бастап қалған ауылды мекендерге де интернет желісі тартылады. Соған қарағанда, алдымен қалалық және аудандық ауруханалар желіге толығымен қосылады. Ауыл емханаларына интернет біртіндеп жалғанады.

Тоқ етері Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үш жылдан кейін барлық қазақстандықтарға электронды денсаулық паспортын ашып беруді көздейді. «Бәрі ойдағыдай болса, 2020 жылға дейін барлық қазақстандықтарда электронды денсаулық паспорты болады. Онда пациент туралы ақпарат жинақталады. Адам туғаннан бастап қай емханаға барса да, оның дәрігерге қаралғаны, қандай диагноз қойылғаны және тағы басқа мәліметтер электронды денсаулық паспортына түсіп отырады. Бұдан бөлек, біз мобильдік қосымшалар арқылы медициналық қызметтерді дамытатын боламыз. Ал «IBМ» компаниясымен бірлесе отырып, онкология саласында «жасанды интеллектті» пайдалану жобасын пилоттық негізде іске асыру жоспары бар. Аталған жүйе ғаламтордағы ғылыми мақалаларды автоматты түрде талдап, нақты бір пациентті емдеу жолын ұсынатын болады. Оны күзде іске қосатын боламыз», — дейді министр Біртанов.

Шындығында денсаулық сақтау саласындағы электронды жүйе сәтті іске асса, біраз мәселелерді шешуге болады. Емханаларда кезектер саны күрт азаяды. Адамдар үйден шықпай-ақ, дәрігердің кеңестері мен рецептін алып, жеке уақытын үнемдей алады. Ал рецептер ашық түрде жазылса, ірі фармацевтикалық компаниялардың өз препараттарын дәрігерлер арқылы пациенттерге тықпалау әрекеттері де азаюы тиіс. Назар аударатын мәселе, сол электронды жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өйткені науқас туралы ақпарат құпия мәліметтер санатына жатады. Ал қандай да бір кибершабуылдар бола қалса, сол құпия мәліметтер жойылып, денсаулық саласының тұтас бір жүйесі істемей қалуы әбден мүмкін.

Дереккөз: inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.