• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысының атына кең ауқымды құттықтау хаттары келіп түсті

20.07.2017
0

Қазақстан Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдары жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, сондай-ақ еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан кең ауқымды хаттар келіп түсті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтудағы рөлі мен жас елордамыз Астананың құрылысына қосқан үлесі айрықша аталған.

Қазақстан Президентінің атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен, АҚШ Президенті Д.Трамптан, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтен, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Түрікменстан Республикасының Президенті Г.Бердымұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Сербия Республикасының Президенті А.Вучичтен, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар Китаровичтен, Италия Республикасының Президенті С.Матарелладан, Латвия Республикасының Президенті Р.Вейонистен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтен және Венгрия Премьер-министрі В.Орбаннан құттықтаулар келді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жолға қою үшін қолайлы ахуал жасау ісіне қосқан үлесіне халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Олардың қатарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшісі, Астанадағы АСЕАН комитетінің төрағасы Р.Прамононың, Еуропалық парламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы И.Григуленің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Кролдың, Болгария индустриялық қауымдастығы төрағасының орынбасары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Анодинаның хаттары бар.

«Бүгінде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі жұмыс істеп жатқан кезде Республиканың даму биігі бүкіл әлемге паш етілді, оны Қазақстанның жоғары рухани және бекзат ақыл қуатына ие кемеңгер ұлы, Украинада аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айқындап бергені даусыз», – деп атап өтті өз құттықтау хатында Бүкілукраиналық «Украинские летописи» басылымының директоры, бас редакторы Н.Новицкий.

Елбасының өңірдегі ынтымақтастықты нығайтудағы және мемлекетаралық кооперацияны күшейтудегі айрықша еңбегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, сондай-ақ Ресей Федерациясының азаматтары мен коммерциялық құрылымдарының өкілдерінен келіп түскен көптеген хат пен жеделхаттарда атап өтілген. Бірқатар республикалардың басшылары, атап айтқанда, Татарстан Республикасынан Р.Минниханов, Башқұртстан Республикасынан Р.Хамитов, Дағыстан Республикасынан Р.Абдулатипов, Ингушетия Республикасынан Ю.Евкуров, сондай-ақ Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко, Саратов облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губернаторы А.Михайлов, РЛДП-ның (ЛДПР) РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасындағы фракциясының жетекшісі В.Жириновский, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты В.Ресин, Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Ингушетияның бұрынғы президенті Р.Аушев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов, Ресей ғылым академиясының мүшесі, Санкт-Петербургтің бас геронтологі В.Хавинсон, РФ еңбек сіңірген әртісі А.Цой, «Курчатовский институты» ғылыми-зерттеу орталығының құрметті президенті Е.Велихов, «Валерий Гергиев қоры» құрылтайшысы В.Гергиев, сонымен қатар Мәскеу қаласынан Т.Мансұров, М.Вайншток, Камчатка өлкесі, Елизово селосынан Т.Дугина, Оңтүстік Сахалиннен М.Артюкевич жылы лебізді құттықтауларын жолдады.

Мемлекет басшысының халықаралық саясаттағы жоғары беделі мен жаһандық экономикалық үдерістердегі оның рөлін өздерінің құттықтау хаттарында «Еуразия даму банкі» басқарма төрағасы Д.Панкин, «Транснефть» ӨАҚ вице-президенті В.Рушайло, «ВТБ» банк президенті – басқарма төрағасы А.Костин, кәсіпкер А.Усманов, «Access Industries» ЖШҰ жетекшілері Л.Блаватник және С.Карпухович, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Газпром» БАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Автоваз» БАҚ президенті Н.Мор, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, «Газпромнефть» БАҚ басқарма төрағасы А.Дюков, «РТЖ» ААҚ президенті О.Белозеров, «КАМАЗ» БАҚ бас директоры С.Когогин, «БПС-Сбербанк» басқарма төрағасы С.Инюшин, «Интер РАО ЕЭС» басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТАР-ТАСС» директоры С.Михайлов, «МИР» ХТРК төрағасы Р.Батыршин, «Благотворительный Фонд Помощи Преданным» ЖҚ президенті А.Краснянский, сондай-ақ «ЭНИ» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци атап өтті.

Қазақстанның жас тәуелсіз мемлекетті құру, этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізу, тарихи қысқа мерзімде әлемнің ең серпінді дамушы мемлекеттерінің қатарына кіру ісіндегі таңғажайып жетістіктерін еліміздің азаматтары өздерінің көптеген құттықтауында атап өтеді. Халықтың барлық әлеуметтік топтарын құрайтын хат авторлары Қазақстан Президентінің жүзеге асырып жатқан экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреді және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің орасан зор табысын айрықша атап өтеді. Елбасына ізгі тілектерін білдірген Астанадан «Халық қаһарманы» М.Алтынбаев, Ж.Ерғалиев, А.Еленов, М.Өтеубаев, Г.Шишов, Т.Қайралапова, М.Сматова, Л.Цедилина, Ж.Әбуова, Л.Завгороднева, В.Яморжина, Е.Ахмеди, Г.Назарова, Н.Келісұлы, Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Захаров, Алматыдан «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Миразова, Қазақстанның халық әртістері Е.Хасанғалиев, М.Ахмадиев, Б.Аюханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Досанов, Б.Хасанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жиенбаев, А.Ағыбаев, Е.Тегісбаев, С.Люлина, Т.Қонаева, Г.Жетаева, К.Дәркембаева, Г.Назарова, Колдеевтер отбасы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Мирамқұлов және Сафоновтар отбасылары, Ақтөбе облысынан М.Маңғазиев, С.Лұқпанов, Ж.Омаров, Алматы облысынан М.Жақашева, Е.Жүнісбеков, Д.Шафхатов, Г.Тұқанова, А.Үсенов, В.Алексеева, К.Рысбаев, А.Сыздықов, А.Нұрқасымова, Л.Гаркуша және Буковтар отбасы, Атырау облысынан Б.Мұсағалиев, С.Нақбаев, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, М.Жақашбаев, Ж.Масалимов, С.Ахметшәріпұлы, Ш.Кенжина, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Б.Апсаматов, А.Дүйсенбекова, Батыс Қазақстан облысынан Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископы Антоний, Т.Құбашев, Б.Маниров, Қарағанды облысынан Р.Курепанова, Б.Серіков, Ж.Сәденов, Қостанай облысынан К.Жилин, М.Бертаев, Д.Махмудов, Қызылорда облысынан О.Бірімжанов, Б.Жұмағалиев, Маңғыстау облысынан Р.Переев, С.Әлиев, М.Күркібаев, Павлодар облысының Д.Ақатаев, С.Басқарин, Солтүстік Қазақстан облысынан С.Володин, У.Мұқатаева, Оңтүстік Қазақстан облысынан А.Асан, В.Андрюков, С.Абдуллаева, К.Юсупов, С.Тәшімбетов, Г.Тұрсынбаев, А.Шайманов, Жолдасовтар отбасылары және басқалар жеделхаттарын жолдады.

«Бүгінде егемен Қазақстанды бейбітшіліксүйгіш және ырғақты дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Сіз жүргізіп жатқан реформалар біздің еліміз бен біздің халқымызды өркендеуге сенімді бастап келеді. Бітімгершілік миссиялар, «Астана ЭКСПО-2017» жаһандық көрмесі, жаңа кәсіпорындардың үсті-үстіне іске қосылуы, елдегі келісім мен достық қуатты тұғырнама құрды және тәуелсіз Қазақстанның одан арғы дамуының кепіліне айналды», – деп Астанадан жазған Рогалевтар отбасының құттықтауы көптеген хат мен жедел хаттардың мазмұнымен үндеседі.

Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр өзінің Мемлекет басшысына құттықтау хатында: «Елдің ең жаңа тарихы, егемендік алған сәттен бүгінгі күнге дейін оның Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланысты. Қазақстанның халықаралық саяси аренада нығаюы, қоғам өмірінің демократиялық негіздерінің бекуі, заңнамалық базаның қалыптасуы мен жетілдірілуі, әлеу­меттік-экономикалық және мәдени саланың дамуы – осының бәрі Республикамызда оның кемеңгер басшылығымен жүзеге асты және одан ары жүзеге асады», – деп атап өткен.

Мәдени, ғылыми, білім беру және басқа да мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары өздерінің жолдаған құттықтауларында Қазақстанның табыстары мен жарқын жетістіктерінің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен және оның елдің әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы тынымсыз қызметімен тығыз байланысты екенін атап көрсетеді. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің, Қазақстан-Америка еркін университетінің, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, «Алматы облысындағы жобалау, жобалау-іздестіру ұйымдарының ассоциациясы» ЗТҰ ұжымдары және басқалар бар.

«KEGOC» АҚ, «Kazzinc Holdings» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Рысбаева и Ко» ЖШС, «Altyn Tau Company» ЖШС-нің еңбек ұжымдары өздерінің құттықтау хаттарында Мемлекет басшысының елдің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі еңбегін атап көрсетеді.

Сол сияқты министрліктер мен ведомстволар басшыларының, облыс әкімдерінің, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінің, ұлттық компаниялар мен өзге де еліміздегі мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерінің атынан да көптеген құттықтау хаткеліп түсті.

Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұқият танысып шықты және барлық авторларға құттықтаулары мен жылы тілектері үшін алғысын білдіреді.

Дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.