• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкіметтің алты айда атқарылған жұмысы қорытындыланды

19.07.2017
0

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындылары талқыланды.

ІЖӨ 4,2 пайызға өсті

Ұлттық экономика министрі Ти­мур Сүлейменовтің хабарлау­ынша, елдің ішкі жалпы өнімі биылғы жылдың бірінші жарты­жыл­дығында 4,2 пайызға өскен. Министрдің мәлімдеуінше, ел эко­номикасының ахуалы биржа­лық тауарларға бағаның тұрақ­тануы, Қазақстанның негізгі сау­да серіктесі елдеріндегі эконо­ми­калық белсенділіктің артуы, сонымен қатар әлемдік экономиканың өсімі тұрғысынан артқан.

Әрине, сыртқы жағдайдың тұ­рақсыздығы мен сыртқы сау­дадағы бағаның өзгермелілігі ел экономикасына әсер етпей қой­майды. Шыны керек, өткен жылдың өзінде әлемдік шикізат құнының құбылуы бізді де біраз әлекке салған. Биыл да мұнай соншалық қымбаттап, қарық қыла қойған жоқ. Мәселен, биылғы маусым айында мұнай бағасы барреліне 46,9 долларға дейін құлдырады. Дегенмен, алты айдың қорытындысы бойынша, ол барреліне 52,2 доллар деңгейінде қалыптасты, бұл 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда үштен бір есе жоғары. Бастысы, соңғы кезде барлық негізгі металдарға бағаның өскендігі білініп отыр. Осыған да байланысты шығар, ХВҚ бағалауына сәйкес, 2017 жылы экономикалық белсенділіктің қайта жаңартылуы әлемдік экономиканың 3,5 пайызға дейін өсуін қамтамасыз етеді депті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, биылғы жылдың 1 тоқсанында еуроаймақтың ішкі жалпы өнімі жылдық мәнінде 1,7 пайызға, Ресейде – 0,5 пайызға, Қытайда 6,9 пайызға өскен. Ал бұған қарап біздің де биыл «жаман болмасымыз» білінетіндей. Оған Ұлттық экономика министрінің сыртқы факторлардың Қазақстан экономикасына жағымды әсерін және экономикамыздың ішкі даму параметрлерінің бірте-бірте тұ­рақтануын атап өткендігін қосыңыз. Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, өткен алты айда еліміз бойынша өнеркәсіпте 7,8 па­йызға, ауылшаруашылық өнім­дерінің өндірісінде 3,1 пайызға өсім байқалған. Құрылыс жұмыс­тарының көлемі 5,9 пайызға артып, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 11 пайызға ұлғайған. Өн­дірістік сектормен қатар, қызмет көрсету саласы мен бөлшек саудада да өсім бары айтылды.

«Еліміздің қаржы нарығында тұрақты жағдай сақталып отыр. Еліміздің халықаралық қоры 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, 1,9 пайызға артып, 92,4 млрд АҚШ долларын құрады», деді министр. Т.Сүлейменов, сонымен қатар, жыл басынан бері теңгенің нығаю әсерінің жойы­луы аясында инфляцияның баяу­ла­ғанын жеткізді. Биылғы маусымда жылдық инфляция 9,8 пайыз­дық тармаққа 7,5 пайызға дейін төмендеген. Орташа айлық жалақы номиналды мәнде 1,9 пайызға, яғни 140,8 мың теңгеге дейін өскен. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақ­талған.

«Бірінші жартыжылдықта сыртқы және ішкі даму жағ­­дай­­ларының жақсаруы аясында Қа­зақстан экономикасы өзінің өсуін жалғастырды. Енді осы өнер­­кәсіп өндірісінің қол жеткен қар­­қынын ұстап тұру үшін екінші жартыжылдықта салалар бірінші жартыжылдыққа қара­ғанда неғұрлым жоғары серпін­де өсуі керек», деді Ұлттық эко­номика министрі. Бұл ретте, соңғы 5 жылда ІЖӨ-нің 60 пайы­зы екінші жартыжылдықта эконо­мика белсенділігінің артуы есебінен қалыптасқанын ай­тып, оған мысал да келтірді. Мә­селен, 2016 жылы ІЖӨ-нің 1,0 пайызға өсуі кезінде бірінші жар­тыжылдықта өсу 0,1 пайызды құ­ра­ған, ал екінші жартыжылдықта эко­номиканың өсуі 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға дейін жеделдеген. Сол себептен биылғы жылдың басынан бастап экономика дамуының ағымдағы серпінін сақтау үшін маусымдық факторларды есепке ала отырып, ішкі жалпы өнімнің өсуі 3-тоқсанда 4,1 пайыздан және 4-тоқсанда 4,3 пайыздан төмен болмауы тиістігін алға тартты. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің негізгі міндеті өндірістің қол жеткізген өсу қарқынын сақтау, инфляция деңгейінің нысаналы параметрін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін тығыз әрі үйлестірілген жұмыс жүргізу болуы тиіс.

«Жоспар – 106,8 пайыз»

Отырыста бірінші жарты­жыл­дықтағы қаржы саласындағы жағдай туралы Ұлттық банк төр­ағасының орынбасары О.Смо­ляков, ал республикалық және жер­гілікті бюджеттердің шығыс және кіріс бөліктері туралы, ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру үшін банк секторын сауықтыру шаралары туралы Қаржы министрінің орынбасары Б.Шолпанқұлов баяндады. Б.Шолпанқұловтың мәліметінше, мемлекеттік бюджеттің кірістері трансферттерді есептемегенде, 3407,2 млрд теңгені немесе жоспар бойынша 106,8 пайызды құраған. Республикалық бюджет бойынша кірістердің орындалуы 103,8 пайыз, жергілікті бюджет бойынша 114,3 пайыз болды.

Жиында Премьер-Министр еліміздің биылғы жылдың бі­рін­ші жартыжылдығындағы әлеу­меттік-экономикалық даму мәселелерін қарау қорытындысын шығара отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысының экономика өсімін одан әрі қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларын шешу бойынша жүйелі шараларды жалғастыруды тапсырды. «Статистикалық мәліметтер көрсеткіші жаман емес. Бұл ортақ жұмысымыз, Елбасының тапсырмасын орталық, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар бірлесіп атқардық. Өсім, жоғарыда атап өтілгендей, 4,2 пайыз болды. Дегенмен, негізгі жұмыстарды екінші жартыжылдықта атқаруға тура келеді. Біз дәл осы қарқынды ұстап тұруға тиіспіз. Сондықтан босаңсуға болмайды», деді Б.Сағынтаев. Сонымен қатар бюджет қаржысының шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті. «Артта қалып жатқан жайттарды да көріп отырмыз. Әлі де жарты жыл уақыт бар», деді Үкімет басшысы.

7,3 мың пәтер берілді

Үкімет отырысында қаралған келесі мәселе – «Нұрлы жер» тұр­ғын үй құрылысы бағдар­ла­ма­сын іске асырудың аралық қоры­тындылары туралы Инвес­тициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында биыл басталды. Бағдарлама халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй салу, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін несиелік тұрғын үй салу, жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру, ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру сияқты бес бағыттан тұрады. Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта барлық көздер есебінен 5,5 млн шаршы метр немесе 47,7 мың пәтер мен үй пайдалануға берілген. Бұл 2016 жылдың осы кезеңінен 11 пайыз жоғары. Мемлекеттік қаражат есебінен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 7,3 мың пәтер пайдалануға берілді.

«Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жағынан Астана мен Алматы қалалары озық келеді. Астанада 1,5 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, Алматы 928 мың шаршы метр тұрғын үй салды. Бұдан бөлек, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыс­тарын атап өткен жөн», деді Ж.Қасымбек. Министрдің айтуынша, басқа аймақтарда да тұр­ғын үй құрылысының жандануы байқалады. Алайда Алматы мен Павлодар облыстарында баспананы пайдалануға беру жұмысы баяу. «Қазіргі кезде салынып жатқан құрылыс нысандарын уақытында тапсыру үшін аймақтарға 33 млрд 800 млн теңге аударылды. Соның 29 млрд 300 млн теңгесі игерілді. Жалпы, республика бойынша 3 633 шақырым инженерлік желілер тарту жоспарланып отыр. Әкімдіктердің қазіргі мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін 1 436 шақырым желі тартылды», деп атап өтті министр. Айта кетсек, тұрғын үй салу үшін жарық, су және тағы басқа инженерлік желілер болуы шарт. Бүгінде сол желілерді салу жағынан Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарында жұмыстар баяу жүруде екен.

Отырыста бағдарламаның төрт бағытын іске асыру тура­лы «Бәйтерек» холдингінің бас­қар­ма төрағасы Е.Досаев баяндады. Ал өңірлердегі жағдай тура­лы Солтүстік Қазақстан және Пав­ло­дар облыстарының әкімдері Қ.Ақ­са­қалов пен Б.Бақауов есеп берді.

Жұмыс жандана түсуі тиіс Премьер-Министр Ба­қыт­жан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағ­дар­ламасының жүзе­ге асу бары­сын талқылау қорытындысында Инвестициялар және даму министр­­лігі мен «Бәйтерек» холдин­гіне халықтың қажеттілік­тері мен азаматтардың оны сатып алуға дайындығын ескере отырып, бөлінетін қаражатты және тұр­ғын үй құрылысы көлемін жос­парлауды бақылауға алуды тап­сырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында бөлінетін қаражатты мақсатты жұмсауды қамтамасыз ету және жеке құрылыс салушыларды тарту бойынша жұмысты күшейту қажеттігін тілге тиек етті. Премьер-Министр әкімдерге бюджет қаржысына қарай бермей, жеке меншік құрылыс саласын дамыту мәселесін де назардан тыс қалдырмауды ескертті. Үкімет басшысының айтуынша, өткен аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін бөлінген 210 млрд теңгені қайта тарату шарасын мақұлдады. Енді, ол ақша әкімдіктерге кредиттік баспананы салу үшін аударылатын болады. «Ол қаражатты дұрыс айналдырып, «револьверлік» әдіспен құрылысқа қайта салып отырған жөн. Бірақ жеке меншік құрылыс саласын да ұмытпау қажет», деді Үкімет басшысы.

Облыс әкімдіктеріне «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша жұмысты жандандыру, жаппай құрылыс салатын жерлерді алдын ала анықтау және таяу жылдарға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларында қарастырылған көлемде жобалау-сметалық құжаттар жасауға жер­гі­лікті бюджеттен уақытылы қаражат бөлуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Дереккөз: Egemen.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.