Мұнда тұрғындар аталған органның құзыретіне жататын құқықтық сұрақтар бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу, қылмыстық және азаматтық сот өндірісі бойынша прокурорлардың күнделікті кезекшілігі ұйымдастырылып, өтініштер қабылданбақ. Орталықтағы білікті мамандар азаматтарға кеңес берумен шектелмей, оларға өтініш жазуға да көмектеседі. Негізгі мақсат — осы саладағы ашықтықты, жеделдікті қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру. Кеңсе қызметкерлері тұлғаларға прокуратура, өзге де құқық қорғау органдарына жүгінбей-ақ, даулы мәселелерін арыз-шағымсыз шешуге жәрдемдеседі. Серік Ғаниматов, облыс прокурорының аға көмекшісі: — Кезекші прокурорлар жұмыс істейді. Одан қалды медиатор маманы бар. Кеңесші және өтініштерді қабылдау маманы. Медиатор маманымызды отырғызған себебіміз – азаматтардың еңбек, отбасы және басқа да даулы мәселелері бойынша дауларын шешу үшін отырғыздық.
Дереккөз: www.24.kz