Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев терроризм жасағандарды азаматтықтан айыруды қарастыратын заңға қол қойды
    Жаңалықтар

    Назарбаев терроризм жасағандарды азаматтықтан айыруды қарастыратын заңға қол қойды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризм жасағандарды азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жазаны енгізетін заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Мемлекет басшысы қолданыстағы заңдарды Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген Ақорда сайтында.

    Айта кетейік, бұл норма терроризм жасағандарды және елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіргендерді азаматтықтан айыруды қарастырады.

    Сәуірде Парламент Мәжілісі ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес кейбір заңнамалық актілерді енгізу бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң жобасына жеті кодекс пен 46 заң енгізілген. Азаматтықтан айыру туралы қосымша жаза түрі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 21-бабында қарастырылады.

    Қылмыстық кодекстің 10 бабында қарастырылған аса ауыр террористік қылмыстың 14 құрамы бойынша азаматтықтан айыру түріндегі балама жаза ұсынылып отыр. Мәселен, терроризм актісі үшін «ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабының 3-бөлігі — «Терроризм актісі» және 257-бабының 3-бөлігі — «Террористік топ құру және оған басшылық жасау» бойынша.

    «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңына сәйкес, негізгі ұлттық мүдделерге конституциялық құрылымның мызғымастығы жатады. Бұл түсінікке тәуелсіздік, біркелкілік және елдің президенттік басқару формасы кіреді.

    Елдің өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру қылмыстарына ҚР Қылмыстық кодексінің 11 бабында қарастырылған 16 қылмыс құрамы кіреді. Мәселен, 168-бап — Геноцид, 180-баптың 3-бөлігі — Сепаратистік әрекет, Террористік топ құру және оған басшылық жасау және тағы да басқалар. Сол кезде Марат Бекетаев азаматтықтан айыру түріндегі жазаны соттың істің толық мән-жайының негізінде және оның салдарының ауырлығына байланысты төтенше жағдайларда тағайындайтынын айтып өткен болатын.

    Азаматтықтан айыру туралы шешім соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі негізінде ішкі және сыртқы істер құзырлы органдарында тіркелуге жатады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.