Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Түлкібаста орта және шағын бизнес қарқын алуда
    Жаңалықтар

    Түлкібаста орта және шағын бизнес қарқын алуда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.07.2017Updated:11.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түлкібаста  халықаралық «Батыс-Қытай, Батыс-Еуропа» жол бойынан сервистік қызмет көрсету орталығы ашылмақ. Жолаушыларға арналған орталықтың құны 346 млн теңгені құрайды. Мұнан бөлек,  аудан экономикасын көтеру мақсатында құрылған индустриялдық аймақта 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі  Нұрбол Тұрашбеков айтты.

    Табиғаты шұрайлы, туризмге қолайлы  Түлкібасқа жыл басынан бері, 45 мыңдай турист келген. Ендігі жерде келушілердің саны  арта түсетін болады. Өйткені биыл 1000 адамға арналған отбасылық демалыс кешені бой көтерді. Жеке кәсіпкердің қаражатына ашылған демалыс орны барлық талаптарға төтеп береді. Сонымен қатар,   Жабағылы ауылында жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы ашылады деп жоспарлануда.  Ал, Түлкібастың бренді, алма бау шаруашылығы да ауданда жақсы дамып келеді.

    Түлкібаста 1322 отбасы баспана кезегінде тұр. Олардың мәселесін шешуде кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, Т.Рысқұлов ауылында 32 пәтерлі 2 тұрғын үйдің сметалық құжаты дайын. Ендігі  жұмыс қаржының бөлінуі. Мұнан бөлек, баспана жайын шешуде 2017-2020 жылдары аралығында ауқымды жобалар жүзеге асып, кезек күткен азаматтардың баспана базынасы шешіледі деп күтілуде.

    Көгілдір отын мен ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген  Түлкібастықтарда жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр. Ендігі жерде ол азаматтардың екі қолына бір күрек тауып беріп, орта және кіші бизнес өкілдеріне мүмкіндік жасау мақсатында да жоспарлы жұмыстар жүзеге асуда.

    Еңлік Заманхан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.