Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермейтін меморандумдар жасалды
    Жаңалықтар

    Азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермейтін меморандумдар жасалды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қатысты жағдай туралы баяндады – деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

    «Жасалған меморандумдар аясындағы министрліктер мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтынушылық бағалар индексінің өсу қарқынын қаңтар-наурыздағы 1,2 %-дан сәуір мен мамыр айларында 0,6% және 0,9%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, маусымда тұтынушылық бағалар индексінің 1,9%-ға дейін артқаны байқалуда», — деп атап өтті Т. Сүлейменов.

    Өз кезегінде, ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов тұрақтандыру қорларының жұмысы туралы баяндады. Әкімдіктермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу бойынша меморандумдар жасалды.

    Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімдері Е. Қошанов, А. Көлгінов және Ә. Исекешев өңірлердегі жағдай туралы баяндама жасады.

    Отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов әкімдіктерде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын тұрақтандыру үшін барлық мүмкіндіктер барын атап өтті. Өңірлерге тұрақтандыру қорларына жаңа түсім өнімдерін сатып алуға кірісу керек.

    Отырыс мәселелерін қарауды қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

    ҚР ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктеріне бағалар серпініне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

    Мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірге басым түрде өңірлік базарларды азық-түлікпен толықтыру және сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.