Гамбургте өткен G20 елдерінің кездесуінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен РФ президенті Владимир Путин алғаш рет кездесті.
Кездесуде тараптар екіжақты қатынас пен Украина және Сирия мәселелерін талқылады. Кездесу 30 минутқа созылды.
Айта кетейік, кеше G20 елдерінің саммиті аяқталды. Үлкен жиырмалық биылғы саммитті қорытындылап коммюнике жариялаған еді.
Мәтінде айтылғандай, Бірлескен құжатта АҚШ «өзге елдерге кен отынына қол жеткізуге және соларды анағұрлым таза, тиімді жолмен пайдалануға көмектесу үшін ол елдермен тығыз жұмыс істейтіні, оларға қалпына келетін және басқа да таза қуат көздерін дамытуға жәрдемдесетіні» туралы бапты келісімге енгізуді қалайды.
Бұл ретте қалған 19 елдердің басшылары 2015 жылы мақұлданған Париж келісімін құптайды және оның қайта қаралмауы керек деп есептейді. Ол туралы құжатта айтылған. Сондай-ақ «Үлкен «жиырмалық» елдерінің басшылары жиында әлемдік қаржы жүйесінің ашықтығын қолдау бойынша барлық міндеттерді орындауға уәделесті.
«Қазіргі кезде күшті, тиімді және өкілдік жаһандық экономикалық және қаржылық институттар аса қажат. Біз әділетті және заманауи салық жүйесімен жұмыс жасауға атсалысатын боламыз», — делінген коммюник мәтінінде.
Айта кетейік, «Жиырмалық тобына» Ресей, АҚШ, Еуропа одағы, Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Жапония, Мексика, Сауд Аравиясы, ОАР мен Оңтүстік Корея елдері кіреді.
Дереккөз: naryk.kz