Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте биыл «Нұрлы жол» бағдарламасымен 16 мектеп пайдалануға беріледі
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте биыл «Нұрлы жол» бағдарламасымен 16 мектеп пайдалануға беріледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.07.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстанда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы бірқатар жұмыстар атқарылды -деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    Атап айтқанда, бағдарлама басталған екі жылдың бірінші жылы 324 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 300-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Сонымен бірге, 2015 жылы аталған жұмыстарды іске асырып, атқаруда 1200-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.

    Өткен жылы «Нұрлы жол» аясында 10 білім беру нысаны халық игілігіне берілді. Мәселен, былтыр 9 мектеп (оның 2-уі апатты жағдайда, 7-үш ауысымды) пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) жаңа құрылысы жүріп, балалар 1 қыркүйектен бастап жаңа нысандарда білім ала бастады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға тиісті жұмыстар жүргізіліп, мерзімінде тапсырылды. Осылайша, 2016 жылы аталған бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары арқылы 3655 адамға жұмыс орындары ашылды.

    Ал биылғы жоспар бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы жаңа жылға дейін жұмысын бастайды деп күтілуде. Аталған нысандар толық аяқталып, халық игілігіне берілгенде, Оңтүстіктегі 12 мың оқушы 8 апатты, 11 үш ауысымды мектептердің орнына сужаңа білім ошақтарында тәлім алатын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.