Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Қала қабырғасымен емес, адамдарымен көрікті»
    Жаңалықтар

    «Қала қабырғасымен емес, адамдарымен көрікті»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты. Іс-шараға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, зиялы қауымның, іскер топтардың және мәдениет саласының өкілдері қатысты – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысы барша жұртты Астана күнімен құттықтап, 19 жыл ішінде еліміздің бас қаласы жоғары қарқынмен дамығанын атап өтті.

    – Астана – ғажап қала. Кеше кешке қарай қаланы аралап шықтым. Кешкі мезгілге қарамастан, көшеде қыдырып жүрген көптеген адамды көрдім. Бұл көп нәрсені аңғартады. Адамдардың көңіл-күйі жақсы, өздерін қауіпсіз сезінеді. Сонау ерте заманда «Қала қабырғасымен емес, адамдарымен көрікті» деген сөз айтылған, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бүгінгі даму ырғағы бүкіл еліміздің жаңаруына серпін беретінін айтты.

    – Біз экономикада, саясатта және мәдениетте ауқымды жаңғыруды іске асырып келеміз. Сол жұмыстың нәтижесі елімізді дамытуға арналған. Дамуымыздың басында әрдайым Астана тұрады. Біз мұнда түрлі мәселені, соның ішінде әлемнің әр түкпірінде бейбітшілік орнату мәселесін де шешіп келеміз. Біздің бейбіт, тату көршілік және инвестиция тарту жөніндегі саясатымыз Қазақстанның әрбір азаматы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, – деді Елбасы.

    Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің маңыздылығын және оның қаламыз бен елімізді одан әрі дамытудағы рөлін атап өтті.

    – Қазір Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесінің арқасында халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударып отыр. Қонақтарымыз Астанаға тамсана қарайды. Біз – ғасырлар тоғысында жаңа мегаполис салған бірден-бір мемлекетпіз. Бүгінде Астана жылына ел бюджетіне триллион теңге құйып келеді. Бұл орайда, барлық кірістің 65 пайызы шағын және орта бизнестен түсіп отыр. Бәріміз бас қаламыздың бой көтеруіне куә болдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Соңында Елбасы барша қазақстандықтарды елорда күнімен тағы да құттықтап, бақ-береке және жаңа табыстарға жетуге тілектестік білдірді, сондай-ақ Астананы салуға атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.