Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді
    Жаңалықтар

    Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді.

    Жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев екі кітаптың мазмұны мен мәніне ерекше тоқталып, жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.

    «Бүгін тұсауы кесілген «Жаһан таныған жеті тұлға» — аты айтып тұрғандай әлемге әйгілі болған реформаторлар туралы кеңінен толғанып жазылған дүние. Әрине олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітаптың да өзіндік ерекшелігі бар. «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар көп»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Жалпы, «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған.   Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте кездесулері сәтті суреттерімен  әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр.

    «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіров аталған туындыны 4 жылда жазып шыққанын айтады.  656 беттен тұратын туындыда тарихи тұлғалардың ел басқару үрдісіндегі ғибратты ғұмырлары әңгімеге арқау болған. Жер жаһанға аты мәлім жеті тұлғаның өз отандастарының да, жатжерліктердің де санасында серпіліс тудырған тағдырлары ешкімді бейжай қалдырмайды.

    «Кітаптың жалпы мазмұны -жаһан таныған жеті тұлға хақында. Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Унистон Черчилль, Мұстафа Кемаль, Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы жеті тұлғаның ерен еңбектері жан-жақты қамтылған»-, дейді кітап авторы Абай Ескермесұлы.

    Шара барысында облыс əкім қос кітаптың жарыққа шығуына атсалысқан «Қазығұрт» баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаевты, «Тəуелсіздік, Тұлға, Тарих» құрастырушысы Асылбек Досалыны, «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіровке алғыс хатпен марапаттады. Шара соңы  театр фойесіндегі «Мәңгі жайнай бер, Астана!» тақырыбындағы кітап және фото көрмесіне жалғасты.

    ОҚО əкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.