Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Астана күні қарсаңында саябақ ашылды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Астана күні қарсаңында саябақ ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Астана күні қарсаңында  Шымкентте қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады-деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

    «Сіздерді шын жүректен Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Сарыарқаның төсінен орын алған бас қаламыз өркениетті алып шаһарға айналып, Астанамыз болашағына бет түзеген байыпты азаматтардың мекеніне айналды. Еліміздің бас қаласы Астана, Алматы қалаларымен бірге Шымкент қаласы да үшінші мегаполиске айналуда. Астана күні қарсаңында ел игілігіне берілгелі отырған бұл саябақ – қала тұрғындарының шаттық пен жандарына сая табатын демалыс орныны болатынына сенімдімін »,-деді Жансейіт Қансейітұлы

    Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрайды. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтіріліп отыр.

    Осынау жұмыстар барысында саябақтың кіреберісі жаңартылып, жасанды су қоймасының жағасы бекітілді. Серуендеушілерге қолайлы орындықтар қойылды. Көгалды суару мәселесі де шешілген, енді су ұңғымадан алынады. Бұған қоса саябақтың кіреберісі мәрмар тақтайшалармен көмкеріліп, доғасы заманауи үлгіде әрленген. Жарық шамдар мен  сахна саябаққа сән беріп тұр. Демалыс орнының қауіпсіздігін сақтау міндеті жергілікті полиция қызметіне жүктелген. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қуаныш сыйлайтын барлық жағдайлар жасалған.

    Айта кетейік, саябақты қайта құрылымдаумен «Қуат құрылыс» ЖШС айналысқан. Құрылыс жұмыстарына 180 миллион теңге жұмсалған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.