Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев: Мақтаралдың тазалығын автовокзалдан бастау керек
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев: Мақтаралдың тазалығын автовокзалдан бастау керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.07.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Ж.Түймебаев жоспардан тыс  Жетісай қаласындағы автовокзалдың жағдайын көрді – деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Облыс үшін транспорттық маңызы бар «Атакент» автовокзалында келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтқан әкім қала орталығындағы бұл нысан тиісті талапқа сай еместігін айтты. Сондай-ақ, автовокзалдағы халықпен сөйлесіп, қаланың коммуналдық қызметінің жұмысы туралы өтініштерін тыңдады.

    Автовокзалға жапсарлас орналасқан базар да өңір басшының назарынан тыс қалған жоқ. Мұнда ретсіз сауда мəселесі бар екенін жəне санитарлық талаптарға сай еместігін көрген облыс әкімі нысан иесіне автовокзал мен базардағы олқылықты бір ай ішінде ретке келтіруді және ол жұмыстарды үйлестіруді аудан басшысына тапсырды.

    «Жалпы әр мемлекетте, әр облыста әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал сол өңірдің кіре беріс қақпасы болып саналады. Сондықтан да тазалықты, көріктендіруді осы жерден бастау қажет. Қысқа уақыттың ішінде  автовокзалдың ішін тазалап, жолды жөндеуді және базар ішін санитарлық талапқа сәйкестендіруді тапсырамын»,-деді аймақ басшысы.

    Мұнан бөлек, облыс әкімі жоспардан тыс Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесінің бойында ораналасқан көпқабатты тұрғын үйді аралап көріп, тұрғындарымен тілдесті.

    1978 жылы салынған бұл үйлерде  кәріз жүйесі жүргізілмеген, әжетханалары сыртта орналасқан. Екі қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі жағдайын көрген әкім шұғыл түрде төтенше жағдай шараларын қабылдау қажеттігін айтты. Мұнда да тұрғындарға тиісті жағдай жасалмағанына куә болған әкім, кезінде кәріз жүйесіне бөлінген қаржыны мақсатты жұмсамаған азаматтарды тауып, тиісті шара көру жөнінде  аудан әкіміне тапсырма берді.

    Жетісай қаласында жалпы 171 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ешбірінде кәріз жүйесі жүргізілмеген. Бүгінде бұл үйлердің барлығына кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңшаларын салып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілмек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.