Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Елбасы Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездесті
    Жаңалықтар

    Елбасы Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшыларымен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.07.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы биыл еліміздің сыртқы саясат саласы үшін мерейлі меже болып саналатынын, осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның дипломатиялық қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын атап өтті- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

    – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі тәжірибеміз де, өзіміздің дипломатиялық қызметіміз де болған жоқ. Дипломатиялық кадрлардың тапшылығы ерекше байқалды, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев бұл проблемалар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тұспа-тұс келгенін айтты.

    – Қысқа уақыт ішінде дипломатиялық корпус құрып, өз елшілерімізді шет елдерге жіберуге мүмкіндік алдық. Міне, ширек ғасырдан кейін еліміздің сыртқы саясаты толық қалыптасты деп айта аламын, – деді Мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар, Қазақстан Президенті егемендігіміздің алғашқы жылдарында елімізде аумақтық тұтастығымыз бен ұлттық тәуелсіздігімізді сақтап, қауіпсіздігіміздің берік кепілін қалыптастыра алғанымызды атап өтті.

    – Қазіргі кезде Астана халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы болып саналады және әлемдегі стратегиялық тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету ісіне зор үлес қосып келеді, – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірлік экономикалық интеграция мен кооперация аясында түрлі жобаның бастамашысы болып саналатынын айтты.

    – Жалпы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан көпвекторлы сыртқы саясат пен еліміздің халықаралық бастамалары әлемде кең қолдауға және танымалдылыққа ие болды, – деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.